Нұр-Сұлтан әуежайынан 1,7 миллиард теңге жымқырған бас есепші өзіне-өзі қол салмақ болған
Нұр-Сұлтан әуежайынан 1,7 миллиард теңге жымқырған бас есепші өзіне-өзі қол салмақ болған
125
оқылды

Әуежайдан 1,7 миллиард теңге жымқыру дерегі бойынша істің анық-қанығын сот айтады. Бұл туралы aikyn.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілмеме жасап хабарлайды.  

Жемқорлыққа қатысты әуежайдың бұрынғы басшысы Радильбек Адимолда, бас есепші Әлия Бабашева және тағы 6 адам бар. Сот отырысы барысында осыған дейін бас есепшіге сот-медициналық сараптама тағайындау туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.

«Сараптама тағайындалғаннан кейін Бабашева дәрі ішіп, улануға әрекет жасағаны туралы хабарлама түскен. Осыған байланысты оның психологиялық және эмоционалды жағдайын анықтау қажеттілігі туындады. Сондықтан сот Бабашеваға қатысты қосымша сараптама жүргізу туралы шешім қабылдады» делінген соттың қаулысында.

Сонымен қатар, жаңа сараптама жүргізу үшін тағы бір комиссия құрылады. Еске сала кетейік, былтыр сәуір айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан әуежайынан ұзақ жылдары бойы ақша жымқырылғанын анықтады. Тергеуді бастады. Жемқорлық ісі бойынша басты күдікті – «Астана» халықаралық әуежайы» АҚ-тың бұрынғы бас есепшісі Әлия Бабашева.

Біз бұған дейін Алматыда тергеу барысында күдікті 5-қабаттан секіріп мерт болғаны туралы жазған болатынбыз.