АҚШ ұйғырларға қысым көрсетті деп Қытайға санкция салды
АҚШ ұйғырларға қысым көрсетті деп Қытайға санкция салды
140
оқылды

АҚШ ұйғырларға қысым көрсетті деп Қытайға санкция салды. Айыппұлға 28 үкіметтік және коммерциялық ұйым енген. Бұл туралы АҚШ сауда министрлігі 7 қазанда хабарлады.

Санкциялар салдарынан аталған компанияларға Америкадан келетін тауарлар жеткізілімейді.

Бұл ретте сауда министрі Уилбир Росс Вашингтон «жеке еркіндік пен кәсіпкерлікте дамыған технологиялардың азшылыққа қысым көрсетуде қолданылмайтынын» алға тартты. Оның сөзінше «АҚШ Қытайдағы этникалық азшылықтардың қатыгез қысым көруіне шыдап тұра алмайды».

2018 жылы Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы ұйғырлардың жағдайы туралы баяндама жариялады. Құқық қорғаушылардың ақпарына сәйкес онда ұйғырлар мен өзге де мұсылман қауымы күштеп лагерьлерде ұсталуда. Өз кезегінде ҚХР үкіметі «аймақта аса ауыр қылмыс жасамағандарды түзету ұйымдары» ғана бар екенін айтады. Бейжің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы діни экстремистер мен лаңкестердің ықпалында деп мәлімдеді.