Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ежелгі астанамыз – Түркістанды түлету арқылы еліміз түркі әлеміндегі беделін нықтайды – Байбек

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram-дағы өз парақшасында жазды.

Рая Мінап
Қыркүйек 30, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Ежелгі астанамыз – Түркістанды түлету арқылы еліміз түркі әлеміндегі беделін нықтайды – Байбек
32
қаралым

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram-дағы өз парақшасында жазды.

«Күні кеше Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында болып, бірқатар жаңа нысандарды аралады. Елбасының Түркістан облысын құрып, оның орталығы етіп Түркістан қаласын белгілеуі – тарихымыздағы айтулы оқиға.

Бұл біле білсек, тұтас түркі әлеміне көрсетілген құрмет, бабалар рухына тағзым. Елбасының өзі бір сөзінде Түркістан – түгел түркінің басты ордасы екенін тілге тиек етті. Бұл өңірдің туристік әлеуетін көтереді. Сонымен қатар осы жұмыстардың барлығы – әлеуметтік мәселелері шиеленіскен, халқы тығыз орналасқан Түркістан өңірін түлетуге жасалып жатқан үлкен қадам.

Түркістанның тоғыз жолдың торабы ретінде де мүмкіндігі зор. Көршілес Өзбекстанмен жасасқан келісімге орай Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хорезм облыстарындағы туристік орындарға бірлескен туристік маршрут ашылмақ. Соның нәтижесінде Түркістан тас жолмен, әуежаймен қамтылған, энергетикалық тұрғыдан дербес, газ құбырлары тартылған өңір болмақ. Осының барлығы тек қана тарихқа тағзым болып қана қоймай, жалпы өңірдің әлеуметтік мүмкіндіктерін өсіруге қолқабыс етеді.

Осылайша, барша түркінің басты ордасы, Қазақ хандығының рухани орталығы, ежелгі астанамыз – Түркістан түлеп жатыр. Ал, өз алдына республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған Шымкент шаһары дамуға серпін алып қана қоймай, оңтүстік өңірде тағы да бір үлкен, әлемдік дәрежедегі орталық бой көтеруде. Бұл – Елбасының ерен еңбегі.

Жаңа мәртебе алғалы бері көне қала алып құрылыс алаңына айналды. Тарихи қаланың кескін-келбеті адам танымастай өзгеріп, еңсесі көтерілді. Елбасы сапар барысында жаңа нысандардың ашылу рәсімдеріне қатысты. Оның бірі – жылына 3 млн. жолаушы өткізуге қабілетті бірегей халықаралық әуежай.

Ірі нысандардың ішінде – 7000 орындық «Түркістан-Арена» стадионы, 1000 орындық «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залы, «Алатау медиа-орталығы», «Ұлы дала елі», Визит орталықтары, музейлер және театрлар бар. Шаһардағы барлық құрылыс Юнеско тарапынан Ясауи кесенесіне қойылатын талаптарға сай, яғни кесененің еңсесін түсірмейтіндей етіп салынуда.

Жалпы Түркістан өңірі қазіргі таңда түлеп жатыр. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ел. Бұл кешегі Арыс оқиғасы кезінде де көрінді. Көктемде су басудан зардап шеккен Мақтаарал жағдайында да байқалды.

«Nur Otan» партиясы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы тұрғындарына #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында 600 млн. теңгеден астам гуманитарлық көмек көрсетті. Мақтарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде де, індет өршіген түста да барынша қол ұшын созды.

Пандемияның салдарынан орын алып жатқан дағдарысқа қарамастан, ежелгі қала – Түркістан қарыштап дамып жатыр. Бұл – береке-бірліктің арқасы»,- деп жазды ол.

View this post on Instagram

Күні кеше Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында болып, бірқатар жаңа нысандарды аралады. Елбасының Түркістан облысын құрып, оның орталығы етіп Түркістан қаласын белгілеуі – тарихымыздағы айтулы оқиға. ⠀ Бұл біле білсек, тұтас түркі әлеміне көрсетілген құрмет, бабалар рухына тағзым. Елбасының өзі бір сөзінде Түркістан – түгел түркінің басты ордасы екенін айтты. Бұл өңірдің туристік әлеуетін көтереді. Сонымен қатар осы жұмыстардың барлығы – халқы тығыз орналасқан Түркістан өңірін түлетуге жасалып жатқан үлкен қадам. ⠀ Түркістанның тоғыз жолдың торабы ретінде де мүмкіндігі зор. Көршілес Өзбекстанмен жасасқан келісімге орай Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хорезм облыстарындағы туристік орындарға бірлескен туристік маршрут ашылмақ. Бұл істер тек қана тарихқа тағзым болып қана қоймай, жалпы өңірдің мүмкіндіктерін еселеуге сеп болады. ⠀ Осылайша, барша түркінің басты ордасы, ежелгі астанамыз – Түркістан түлеп жатыр. Ал, арнайы республикалық мәртебе алған Шымкент шаһары да дамуға серпін алып қана қоймай, оңтүстік өңірде тағы да бір үлкен, әлемдік дәрежедегі орталық бой көтеруде. Бұл – Елбасының ерен еңбегі. ⠀ Жаңа мәртебе алғалы бері көне қала алып құрылыс алаңына айналды. Тарихи қаланың кескін-келбеті өзгеріп, еңсесі көтерілді. Елбасы сапар барысында жаңа нысандардың ашылу рәсімдеріне қатысты. Оның бірі – жылына 3 млн. жолаушы өткізуге қабілетті бірегей халықаралық әуежай. ⠀ Ірі нысандардың ішінде – «Түркістан-Арена» стадионы, «Конгресс Холл» концерт залы, «Ұлы дала елі», Визит орталықтары бар. Шаһардағы барлық құрылыс Юнеско тарапынан Ясауи кесенесіне қойылатын талаптарға сай, яғни кесененің еңсесін түсірмейтіндей етіп салынуда. ⠀ Жаңғырған Түркістан өңірі тұрғындарының бірлігі бекем. Бұл кешегі Арыста, Мақтааралда орын алған жағдайлар кезінде де байқалды. ⠀ «Nur Otan» партиясы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы тұрғындарына #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында гуманитарлық көмек көрсетті. Мақтарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде де, індет өршіген тұста да барынша қол ұшын созды. ⠀ Пандемияның салдарына қарамастан, ежелгі қала – Түркістан қарыштап дамып жатыр. Бұл – береке-бірліктің арқасы.

A post shared by Бауыржан Байбек (@baibekbk) on Sep 30, 2020 at 1:04am PDT

 

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Түркістанда кандидаттар бекітілді

 
Тегтер: БайбекЕлбасыТүркістан
Алдыңғы жаңалық

Астанада арбат салынады

Келесі жаңалық

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Ұқсас жаңалықтар

коронавирус
Жаңалықтар

Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады

Қаңтар 18, 2021
2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді
Жаңалықтар

2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

Қаңтар 18, 2021
Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-голова» 19 жылға сотталды
Жаңалықтар

Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-голова» 19 жылға сотталды

Қаңтар 18, 2021
коронавирус
Жаңалықтар

Ғалымдар 2021 жылы коронавирусқа қатысты ахуал нашарлайтынын болжады

Қаңтар 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады

Қаңтар 18, 12:24

2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

Қаңтар 18, 11:58

Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-голова» 19 жылға сотталды

Қаңтар 18, 11:46

Ғалымдар 2021 жылы коронавирусқа қатысты ахуал нашарлайтынын болжады

Қаңтар 18, 11:22

Қазақстанда қайтадан аяз болады

Қаңтар 18, 10:58

Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды

Қаңтар 18, 10:33

Қарағандыда ұсталған қылмыстық топ мемлекетке 700 миллион теңгеден астам шығын келтірді

Қаңтар 18, 10:22
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус

Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады

Қаңтар 18, 2021
2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»