"Қазгидромет" РМК 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына солтүстік-батыс циклоны әсер ететін болады. Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде болады. Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.