Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Телефонын қуаттап жатқанда қайтыс болған қыздың өліміне қатысты тың деректер шықты

Алматы облысында 15 жастағы бойжеткен телефонын қуаттаймын деп қаза тапты.

Рая Мінап
Қыркүйек 30, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
телефон

© сурет интернеттен алынды

14.1k
қаралым

Алматы облысында 15 жастағы бойжеткен телефонын қуаттаймын деп қаза тапты. Ол смартфонын тоққа сұққан күйі сыныптасымен сөйлесіп жатқан. Кенет тоқ соғып, сол жерде тіл тартпай кетіпті. Қазір балқыған телефон мен қуаттағыш құрылғы сараптамаға жіберіліп, тергеу басталды, – деп жазады КТК телеарнасы.

Телефонын қуаттаймын деп қыршынынан қиылған Ақерке – Қарғалы ауылының тұрғыны. Ол өткен сенбіде смартфонын тоққа сұғып сыныптасымен сөйлесіп жатқан екен. Кенет бойжеткенді тоқ соққан. Мұны көрген жақындары дереу жедел жәрдем шақырады.

Алайда 10-сынып оқушысы оқиға орнында жан тапсырыпты. Ақылжан Өмірбаев, марқұмның әкесі:

Қызға таласқан екі жігіттің төбелесі қайғылы аяқталды

Мәскеуде қазақстандық кейуананы бауыздап тастаған

Екі жігіт қарияның телефонын тартып алып, банк қосымшасы арқылы ақшасын өздеріне аударып алған

«Телефоны балқып кеткен, телефонның іздері бетінде қап-қара болып тұр. Телефон арқылы тоқ ұрып, құлақ жағынан миына әсер еткен, миынан сразу жүрекке барған. Жүрегі сол кезде тоқтаған деді ғой», – дейді марқұмның әкесі Ақылжан Өмірбаев.

Бауыр еті баласынан айырылып қабырғасы қайысқан әке үйдегі электр желісінде ешқандай ақау болмағанына сенімді. Сол күні де басқа техника күймеген. Сондықтан қайғылы оқиғаға сапасыз қуаттағыш себеп деп топшылайды.

Марқұм соңғы телефон қуаттағышын ауыл ішіндегі базардан бір ай бұрын сатып алған. Расында, мұндай жерлерден смартфонның кез келген түрін қуаттайтын құрал табылады. Алайда сапасы мен қауіпсіздігіне ешкім кепіл бермейді. Сондықтан ұялы телефон жөндейтін мамандар қуаттау құрылғысын көрінген жерден сатып алмау керектігін ескертеді.

«Мұндай жағдай көбіне сапасыз қуаттағыш қолданғаннан, құрылғыны дұрыс пайдаланбағаннан, не болмаса жасырын зауыт ақауынан болуы мүмкін. Сондықтан қуаттағыштың түпнұсқасын қолдану керек. Не болмаса, ең сапалысын таңдау қажет», – дейді телефон жөндеуші Александр Гросс.

Қазір бойжеткеннің қуаттау құрылғысы мен балқыған телефоны сараптамаға жіберіліп, тергеу басталған.

«Алғашқы болжам бойынша қыз қуатталып тұрған телефон арқылы тоқ алған. Қазір аталған дерек бойынша адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- дейді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Қайғылы оқиғаның нақты себебін сараптама қорытындысы көрсетпек. Ал  қыршынынан қиылған бойжеткен кеше жер қойнына тапсырылды. Ол бір айдан кейін 16 жасқа толуы тиіс еді.

 
Тегтер: Алматы облысықызөлімтелефон
Алдыңғы жаңалық

Жүгері жинау науқаны басталды

Келесі жаңалық

АИТВ диагнозы соңғы үкім емес

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе
Жаңалықтар

Ақтөбеде жол ережесін бұзып, куәлігінен айырылған жүргізуші мектеп оқушыларын тасымалдаған

Қаңтар 22, 2021
Қуат Хамитов
Жаңалықтар

Қуат Хамитов 45 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді – видео

Қаңтар 22, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында қыс қаһарына мініп, аяз күшейді

Қаңтар 22, 2021
ШҚО
Жаңалықтар

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде жол ережесін бұзып, куәлігінен айырылған жүргізуші мектеп оқушыларын тасымалдаған

Қаңтар 22, 22:52

Қуат Хамитов 45 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді – видео

Қаңтар 22, 22:14

Түркістан облысында қыс қаһарына мініп, аяз күшейді

Қаңтар 22, 21:42

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 21:31

Белорусиялық маман «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

Қаңтар 22, 20:54

Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қаңтар 22, 20:28

СҚО-да көлікке мінген 6 жасар бала әйелді 2 баласымен бірге қағып кеткен

Қаңтар 22, 20:21
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтөбе

Ақтөбеде жол ережесін бұзып, куәлігінен айырылған жүргізуші мектеп оқушыларын тасымалдаған

Қаңтар 22, 2021
Қуат Хамитов

Қуат Хамитов 45 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді – видео

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»