Атамқұлов: Баспананың сапасы, кредиттің проценті, алғашқы жарнаға өзгеріс керек
Атамқұлов: Баспананың сапасы, кредиттің проценті, алғашқы жарнаға өзгеріс керек
191
оқылды

Жуырда халықты баспанамен қамтуға арналған тағы бір мемлекеттік бағдарлама пайда болады.

Жаңа бағдарламаның артықшылықтары туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Жыл соңына дейін жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасы бекітіледі. 2025 жылға дейін жүзеге асады. Бағдарлама негізгі 5 міндетті орындауға бағытталған: бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, коммуналдық секторды жаңарту мен дамыту, тұрғын үй қорын күрделі жөндеуден өткізу және құрылыс саласын дамыту. Министрдің айтуынша, қолданыстағы бағдарламалардың артықшылығы ескеріледі.

– Өзгерістер енгізу керек. Қажет. Өздеріңіз естідіңіздер, ол — салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы, кредиттің проценті, алғашқы жарна мәселесі, — деді Бейбіт Атамқұлов.