Тоқаев елорда әкімдігіне келіп жиын өткізуде
Тоқаев елорда әкімдігіне келіп жиын өткізуде

Нұр-Сұлтан әкімдігінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елорданы дамыту бойынша жиын басталды.

«Елордада ЭКСПО-2017, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі сынды әлемдік масштабтағы көптеген іс-шаралар өтеді. Біз әрі қарай да қаланы дамытатын боламыз. Көп нәрсе жасалды, бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Елорда басқа қалаларға үлгі болуы керек. Азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін бәрін жасау керек», - деді Тоқаев жиында.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары мен Президент Әкімшілігінің қызметкерлері қатысуда.