Әр халық өзіне тән салт-дәстүрімен дара. Бірақ дәстүрдің озығы мен тозығы бар демекші, ғасырлар өткен сайын, кей дәстүр ұмытылады, енді бірі халықпен бірге жасай береді. Мысалы, балалы үй үшін маңызы зор «Тілашар» мерекесін атап өтуді елордадағы «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығы дәстүрге айналдырған.
Баланың тілі енді шығып, алғашқы сөзді айта бастағанда ата-анасы шешен де көсем, қадірлі де құрметті адамды қонаққа шақырады. Ол сәбимен бірге арнайы рәсім жасайды, яғни алаға таныс сөздерді айтады, бала ол сөзді қайталағанда ата-анасы: «Тілі ашылды», – деп қуанады. Бұл дәстүр «Тілашар» деп аталады.
«Тілашарға» қатысып, балаларымыздың жетістігін көру мен үшін үлкен мәртебе. Біздің корпоративтік қор төртінші жыл қатарынан «Жұлдызай» медициналық орталығында оңалтудан сәтті өткен балалардың өміріндегі алғашқы қадамына арналған «Тұсау кесер» рәсімін де өткізеді», – дейді Б.Исабаев.
Тұмар МЫРЗА