Қазақстандағы шалғай станциялардың тұрғындарын қамтитын «Медициналық пойыз» бір жылдан астам уақыттан бері бірқатар аймақтарды аралап шықты.
Атырау облысының 12 шалғай станциясы бойынша жұмысын қорытындылады. Дәрігерлер екі аптаның ішінде облыстың 6586 тұрғынын қарап, қажетті медициналық көмек көрсетті.
Дәрігерлердің білікті медициналық құрамы бар мұндай жылжымалы кешен барлық облысты аралап, ересектер мен балалар арасында ауыр созылмалы ауруларды анықтауда. Атырау облысында дәрігерлер 2482 науқас, оның ішінде 652 баланы қабылдады.
Пойызда 870 астам шағын хирургиялық ота жасалды. 219 — ФГДС, 1058 — УДЗ және 509 флюорография түсірілген. Атырау облысында науқастар ең көп барған маман — терапевт. Оған 1051 адам жүгінді. Тіс дәрігері 900 науқасты қабылдап, оларға медициналық көмек көрсетті.
«Ең жиі кездесетіні — жүрек-қан тамырлары аурулары. Бірінші орында – артериалды гипертония, екінші орында – жүректің ишемиялық ауруы, үшінші орында — жүрекше фибрилляциясымен жүрек ырғағының бұзылуы», — деді кардиолог Замира Юлдашева.
Терапевт Әлия Заитова тыныс жолдарының аурулары көп екенін атап өтті. «Барлық дерлік балаларда терең кариес, созылмалы тонзиллит, бронхит бар. Ең көбі суық тиген, бірнеше жыл бойы іш ауруы бар пациенттер тексеруге келді. Өз балаларын ешқашан тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық тексерістен өткізбеген, ешқашан дәрігерлерге көмекке бармаған ата-аналар да келген жағдайлар болды», — дейді дәрігер.
Сондай-ақ, облыс тұрғындарын тексеру барысында диагноз қойылғаннан кейін өзін-өзі дұрыс емес емдеудің нәтижесінде туберкулез аурулары да тіркелді.
Жобаны «Самұрық-Қазына» атынан Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп өткізіп келеді.