Бүгін жауын жауып, күн күркірейді

Бүгін жауын жауып, күн күркірейді

1 қазан күнгі ауа райы болжамы бойынша, атмосфералық ағынның өтуіне байланысты бүгін оңтүстікте және оңтүстік шығыста жаңбыр жауады.

Сонымен қатар еліміздің кей жерінде тұман басып, желдің күшеюі байқалуда. Әсіресе, оңтүстікте шаңды дауыл күтілуде. Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетпекші. Ал Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман басуы мүмкін. Жамбыл облысының кей жері тұманданып, қатты жел күшеюі ықтимал. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде түнде және таңертең 1-4 градус үсік шалады. Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупінің тұтануы әлі сақталуда.