Тоқаев Нұр-Сұлтандағы көші-қон туралы: енді бұлай болмайды
Тоқаев Нұр-Сұлтандағы көші-қон туралы: енді бұлай болмайды

Ішкі көші-қонға бақылауды күшейту керек, енді бұлай жалғаса алмайды – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімдігінде өткен жиында.

«Халықтың жыл сайынғы өсуі және ішкі көші-қон процестерін тиісті бақылаудың болмауы қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына, ең алдымен медицина мен білімге жүктемелердің көбеюіне әкеледі. Ішкі көші-қон процестерін бақылауды күшейту керек. Бұлай жалғаса алмайды», - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев өз сөзінде мегаполистер жайын көтергенін алға тартып, бұл мақтануға себеп емес екенін мәселелерді шешу керектігін айтты.

"Әрине біз қала тұрғындары миллионға жетті деп қуанамыз, бірақ сол қалалардың тұрғындарын қалай қамтамасыз ету керек деген мәселені ойлаған жан бар ма? Оларды қамтамасыз ету керек қой. Бұл біздің міндетіміз. Біз бар миграция процесін өз еркімен жібере алмаймыз", - деді Тоқаев өз сөзінде.

Мемлекет басшысы жаңадан келген азаматтарды қамтамасыз ету міндеті құқық қорғау органдары мен әкімдіктің міндеті саналатындығын атап өтті.

«Еліміздің басқа аймақтарынан келген әлеуметтік осал топтардың өкілдері осында тіркеуден өтіп, баспана кезегінде тұр. Бұл кезек санын көбейтеді. Оның ішінде балабақшалар мен мектептерде. Қазір бізде бұл қалай болып жатыр. Қарқынды әлеуметтік шиеленістер жүріп жатыр. Оқу орындарында орын тапшылығы мәселесі әлі шешілген жоқ », - деді Тоқаев.