COVID-19: Словакияда төтенше жағдай режимі енгізілді
COVID-19: Словакияда төтенше жағдай режимі енгізілді
Бұл туралы журналистерге премьер-министр Игорь Матович хабарлады.
«Коронавируспен күресті күшейту мақсатында Үкімет ұсынысым бойынша 1 қазаннан бастап ТЖ режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл режим көктемдегімен салыстырғанда Денсаулық сақтау саласына ғана емес, біздің қоғамдық өміріміздің басқа да салаларына әсер етеді», - деді Матович.
Бұған дейін төтенше жағдай режимі Словакияда 16 наурыздан 16 маусымға дейін болған. Естеріңізге салсақ, соңғы тәулікте Словакияда коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді – 567 адам, ауруханаларда 75-78 жастағы үш науқас қайтыс болған. Пандемия кезеңінде Словакияда барлығы 10 141 адам коронавирус жұқтырып, 4395 адам жазылып, 48 адам көз жұмған.