Қытай коронавирус вакцинасын арзанға сатпақшы
Қытай коронавирус вакцинасын арзанға сатпақшы
111
оқылды
Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцина дамушы елдерге қолжетімді болады.

Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады. Оның айтуынша, Қытайда вакцина Еуропалық немесе Америкалық препараттан қымбат болмайды. БАҚ өкілдерінің осыған қатысты айтқан мәлімдемесі еш негізсіз екенін жеткізді.

«Қытай қашан да өз сөзіне берік. Қазіргі уақытта әлемде көптеген ел вакцина әзірлеу ісімен айналысып жатыр. Бірақ оның бағасын белгілеу жағы әлі де шешілген жоқ. Бір айта кетерлігі, Қытай өз вакцинасын жаһандық қоғамдық игілік ретінде ұсынып, қолжетімді бағамен сатады. Бірінші кезекте ол дамушы елдерге жеткізіледі» деді Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь.

Дипломаттың сөзінше, қазір Қытай жаңа дәріні жасау мерзімін мейлінше жылдамдату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Зерттеу жұмыстары аяқталысымен, жаңа дәрі бірден жаппай өндіріске жіберілмек. Алайда әзірге вакцинаның құны қалай түзілетіні белгісіз екен.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қытайда коронавирусқа қарсы 11 препарат сынақтан өтіп жатыр.