Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыз су сапасына қатысты мәселені көтерді.
«Қала тұрғындары ауыз су сапасы мәселесін бірнеше мәрте көтерді. 20 қыркүйекте әлеуметтік желі арқылы азаматтар судан шығып тұрған жағымсыз иіске шағымдана бастады. Бірақ, елордалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті тарапынан түсіндіру бір аптадан кейін, 27 қыркүйекте ғана болды. Неліктен шұғыл әрекет етпейді? Біреулермен жауабын келісе ме?»,– деді Президент.
Мемлекет басшысы елордадағы ауыз сумен байланысты проблеманы барынша жедел шешу қажеттігін айтты.
«Басты мәселе елеп-ескеру емес, бұл мәселені шешу. Бұл да біздің сөздерімізбен қабыспайды ғой. Біз елордамызды басқаша мақтаймыз, ал суы басқа түрде мүңкиді»,– деді Қ.Тоқаев.