ШҚО-да 1,5 миллион гектар жер игерілмей жатыр
ШҚО-да 1,5 миллион гектар жер игерілмей жатыр
123
оқылды
Бірақ 1,5 миллоннан астамы әлі күнге игерілмей жатыр. Оның басым бөлігі жайылымдық және шабындық алқаптар. Жерді мүлде пайдаланбаған немесе дұрыс күтім жасамаған шаруалардан 1 миллион 200 мың гектардан астам жер қайтарылды. Айта кетерлігі, аймақта жерді ғарыштан бақылайтын қанатқақты жоба қолға алынған. Осы жобаның арқасында шығыстағы шаруалардың жайылымдық жердің 20%-ін ғана пайдаланып отырғаны анықталды.
«Ауыл шаруашылығын цифрландыру бағдарламасына сәйкес жерді пайдаланушылардың веб-порталы жасалып жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бүгінге дейін жайылымдық жерлерге мониторинг жүргізіп, осы порталға енгіздік. Қазір бізде жайылымдықтың көлемі анықталды. Нәтижесінде бүгінге дейін жерді дұрыс пайдаланбаған 2 мыңға жуық шаруаға хабрлама жіберілді. Шамамен 1,5 миллион гектар жер қайтарылды» дейді облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Сарманов.