Кішкентай қыз анасының 45 мың теңгесін жұмсап, тәтті алып тастаған
Кішкентай қыз анасының 45 мың теңгесін жұмсап, тәтті алып тастаған
Оқиға Атырау облысының Қызылқоға ауданында 7 жасар қыз анасының 45 мың теңгесін жұмсап, бүкіл ақшаға тәтті сатып алған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Миялы ауылының тұрғыны аудандық полиция бөліміне 45 мың теңгесі жоғалғаны туралы арыз түсірген.

«Арызданушының шағымына байланысты учаскелік полиция инспекторы Серіжан Қаратаев ақшаның қашан, қалай жоғалғанын анықтау барысында шағымданушының 7 жасар қызының дүкенге барып, мол тәтті алып тастапты. Полиция инспекторы қыздың көрсетуімен азық-түлік дүкеніне барып, сатушыға болған оқиғаны түсіндірген.

Дүкеншінің айтуынша, кішкентай қыз бірнеше түрлі тәтті алып, қолындағы 45 мың теңгені беріп кеткен» деп хабарлады баспасөз қызметі. Жоғалған ақшасы табылғанына тұрғын учаскелік полиция инспекторына алғысын жаудырды.