Сүт пен айранды көп ішсе, іш өтуі мүмкін
Сүт пен айранды көп ішсе, іш өтуі мүмкін
364
оқылды
Ол бұл деректерімен  «Актуальные новости» басылымында бөліскен.

Оның айтуынша, белгілі бір жағдайда сүт өнімдері асқазан-ішек жолдарының жұмысын бұзуы мүмкін. Мысалы, адам бойында лактоза жетіспеушілігі байқалса, сүт өнімдерін қолдануға тыйым қойылуы керек. Өйткені ағзадағы лактозаны өңдеуге қажетті ферменттің жетіспеушілігінен сүт қантын сіңіре алмайды.

«Осындай белгісі бар адамдарға сүт өнімі ауыр тиеді. Сүт өнімдерінің құрамындағы лактоза ішекке өңделмеген лактоза ретінде түседі.  Нәтижесінде, ішек микрофлорасы көмірқышқыл газын, сүт қышқылы мен су шығара бастайды. Соның салдарынан тоқ ішек ісіп, іш кеуіп, ісініп кетеді. Кейбірінің іші өтіп, асқазаны ауыра бастайды» дейді дәрігер Елена Смирнова. Ол айтқандай, ондай адамдар тек сүтпен айран ішсе ғана емес, бүкіл сүт өнімінен ауруы мүмкін. Сондықтан ірімшіктен, кілегейден және басқа да сүт өнімдерінен бас тарту керек.