Аида Балаева емханалардағы ұзын-сонар кезек туралы айтты
Аида Балаева емханалардағы ұзын-сонар кезек туралы айтты
123
оқылды

ҚР Президентiнiң көмекшiсi — ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң Өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева елордадағы денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды айтты.

«Тұрғындар емханалардағы ұзын-сонар кезекке шағымданып келеді. Сонымен қатар, тіркеуге тұру бағытында, медициналық стационарларға квоталар алуға тұрғысында проблемалар бар»,– деді ол елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте.

Аталған факті онлайн қосымша секілді заманауи тетіктер шұғыл мәселелерді тиімді шешуге ықпал етпей тұрғанын көрсетеді.                                                                                                                 «Осындай ресурстардың жұмысына бақылау тетіктерін жетілдіру керек, бұл шаралар нақты нәтижеге негізделуі тиіс, яғни азаматтар сұранысын қанағаттандыруы керек»,– деді Аида Балаева.