Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Алтынкөл мен Достық арқылы Қытай тауары еуропалықтарға жетеді

А.Ахметқазы
Қазан 1, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Алтынкөл
77
қаралым

Жақында  «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың бейнеконференция форматында «Қытай темір жолдары» директорлар кеңесінің төрағасы Лу Дунфумен жүздесуінде ҚР мен ҚХР темір жолында жүк тасымалының оң қарқын көрсетіп отырғаны айтылды. Қос тараптың басшылары Достық – Алашанькоу және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өтпелері арқылы тасымал көлемін арттыруды қамтамасыз етуге ерекше назар  аударылып отырғандығына тоқталды.

2020 жылғы 30 қыркүйекте қазақстандық БАҚ үшін «KTZE-Khorgos Gateway» Құрғақ портына және Алтынкөл шекаралық теміржол станциясына баспасөз-хабарлама туры өтті, оның барысында қатысушыларға Қазақстан-Қытай шекарасында жүк ағындарын жедел өткізу үшін «ҚТЖ «ҰК» АҚ құрған заманауи инфрақұрылым таныстырылды.

«KTZE-Khorgos Gateway» логистикалық хабы – Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында стратегиялық тиімді жерде орналасқан Орталық Азиядағы ірі құрғақ порт.

ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алды

1 наурыздан бастап нақты қандай бағыттардағы пойыз билеті қымбаттайды?

Пойыз ер адамның басын жұлып кетті

Құрғақ порт аумағында жалпы ауданы 102,8 га жоғары класты логистикалық сервисті қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 24 шақырым теміржол жолдары, контейнерлерді, басты жүктерді, автомобильдер мен жабдықтарды қайта тиеу бойынша тиеу/түсіру жұмыстарына арналған контейнерлік терминалда 6 кірме жол, біржолғы сақтауға арналған 18 мыңнан астам мамандандырылған контейнерлік алаң орналасқан.

Құрғақ порт Алтынкөл станциясындағы ең қуатты терминал, ол қазіргі заманғы қайта тиеу техникасымен, вагондар мен контейнерлерді есепке алудың жаңа автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған. Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өтетін жүктерді өңдеу, сақтау және ауыстырып тиеу саласында қызметтердің толық спектрін көрсетеді.

«KTZ Express» АҚ Логистика жөніндегі Вице-президенті Нұрлан Игембаевтың айтуынша, Қытайдан Еуропаға, Ресейге және Орталық Азияға баратын маршруттар дәстүрлі түрде Қазақстан аумағы арқылы өтетін ең сұранысқа ие маршруттар болып табылады.

– 2020 жылғы қаңтар – тамыз айында Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша тасымалдау көлемі 306,6 мың ЖФЭ құрады, бұл 2019 жылғы ұқсас кезең көлемдерімен салыстырғанда 62%-ға өсті. Қытай – Орталық Азия – Қытай бағыты бойынша өсім 29%-ды құрады. Егер Алтынкөл станциясы мен Құрғақ порт арқылы тасымалданатын жүктердің номенклатурасы туралы айтатын болсақ – бұл халық тұтынатын тауарлар, металдар, химикаттар және габаритті емес жүктер. Мысалы ағымдағы жылдың қыркүйек айында «KTZE-Khorgos Gateway» Құрғақ портының тиеу терминалын іске қосу арқылы Қытайдан Түрікменстанға 300 габаритті емес техника – John Deere ауыл шаруашылығы комбайндары жіберілді. Айта кетейік, John Deere компаниясы 2017 жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасын тасымалдауға бізге сенім білдіреді. Ынтымақтастықтың үш жылы ішінде біз 1 474 комбайнның тасымалдауын жүзеге асырдық. Ал Алтынкөл станциясы арқылы биыл біз бірқатар жаңа контейнерлік маршруттарды іске қостық: Цзиньхуа (ҚХР) – Баку (Әзірбайжан), Сиань (ҚХР) – Измит (Түркия) Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша, Чэнсян (ҚХР) – Жодино (Белоруссия), Цзинань Нань (ҚХР) – Қыпшақ (Түрікменстан), Түркменбашы (Түрікменстан) – Циндао (ҚХР), сондай-ақ Алтынкөл – Мәскеу түйіні станциясының тұрақты контейнерлік сервисі, – деді Н. Игембаев.

« KTZ Express» АҚ компаниясы бүгінгі таңда ең қолайлы тарифтік шарттарды жасап, Қазақстан арқылы өтетін барлық бағыттардағы жүктердің жылдамдығы мен сақталуының толық параметрлерін ұстанып отыр. Ұзындығы 3128 шақырым құрайтын Алтынкөлден Ақтау портына дейінгі учаскені контейнерлер үш тәулік ішінде өтеді, ал 2019 жылғы 16 сәуірден бастап «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының фидерлік кемесі апта сайын Баку портына 210-ға жуық контейнер жеткізеді, сол жерден жүктер темір жол арқылы Грузия мен Түркияға жөнелтіледі. Мысалы, қытайлық Сианнан түркияның Стамбулына дейінгі сапардың жалпы уақыты 16 күнді алады.

Баспасөз турының соңында, Алтынкөл бекетіне сапары барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Алматы бөлімшесі ЖТ» филиалының Алтынкөл станциясы бастығының міндетін атқарушы Нұржан Құрманәліұлы журналистерге Жетіген – Мемлекеттік шекара учаскесінде орналасқан кластан тыс жүк станциясының жұмысы туралы айтып берді.

 
Тегтер: АлтынкөлдостықҚТЖСауат Мыңбаевтеміржол
Алдыңғы жаңалық

Салықтық реттеудің қандай пайдасы бар?

Келесі жаңалық

«ВИА Гра» тобының әншісі қазақтың ұлттық киімін киіп, биін билеген

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей
Жаңалықтар

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 00:13

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 23:35

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 23:09

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 22:43

Маңғыстауда жас баланы зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қаңтар 25, 22:09

Ақпаннан бастап 1-2 сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін тамақтанады

Қаңтар 25, 21:36

«Челси» Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатты

Қаңтар 25, 21:07
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»