Түркияда жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ-СІМ
Түркияда жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ-СІМ
© Сурет ғаламтордан
460
оқылды
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер мен қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті. " Түркия тарапының алдын ала ақпараты бойынша зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары тіркелген жоқ", - делінген СІМ хабарламасында. Айта кетейік, 2019 жылы 24 қаңтарда Түркияның шығысында магнитудасы 6,8 балл жер сілкінісі болды, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 20:55-те тіркелді. Оның эпицентрі Элязыг провинциясында орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте жатыр. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінен кейін 2,7-ден 5,4 баллға дейін күші бар 228 афтершок тіркелді. Табиғи апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Түркияның шығысында жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 20 - ға, жараланғандардың саны 1015-ке жетті.