«Ашық жүрек» шағын гранттар конкурсы өтті
 «Ашық жүрек» шағын гранттар конкурсы өтті
104
оқылды
4 қыркүйекте жастар арасында волонтерлық брендті танымал етуге бағытталған жобаның аясында волонтерлық бастамаларды қолдау мақсатында «Ашық жүрек» республикалық шағын гранттар конкурсы жарияланған болатын. Шартқа сәйкес, liga.org.kz порталында тіркелу және «жеке кабинетте» өтініш жіберу керек болды. Қатысуға өтініш білдіру қатысушының шағын гранттар жайлы құжатында қарастырылған талаптар мен шарттарға келісімін білдіруі еді. Жобалар халықты «Birgemiz» волонтерлық қозғалысына тартудың ұтымды механизмдері мен оңтайлы шарттарын жасау арқылы волонтерлықты жүйелі дамытуға жол ашатын Волонтер жылының тұжырымымен сәйкес келуі тиіс еді. Шағын гранттар сайысына жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және еліміздің үкіметтік емес ұйымдары қатыса алды. Өтініштер «BIRGEMIZ» жалпы ұлттық жобасының келесі 7 бағыты бойынша қабылданды: Saylyq, Umit, Bilim, Taza alem, Asyl mura, Sabaqtastyq, Qamqor. Конкурстың негізгі мақсаты азаматтардың әлеуметттік шараларды ұйымдастыруға қатысу ауқымын кеңейту, сондай-ақ азаматтар мен волонтерлардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі жеке күш-қайраттары мен бастамаларына қолдау көрсету болды. 19 қыркүйекте сағат 18:00-де «Ашық жүрек» шағын гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау тоқтатылды. Жалпы 600 жоба жұмыстары жіберілді. Қатысушылардың өтініштері сайыс комиссиясы мүшелерінің мұқият қарастырылымынан өтті, оған: «Қазақстан волонтерлар Лигасы» ҚҚ және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері, сондай-ақ волонтерлық қызметтегі мамандар кірді. Сайыс комиссиясының шешімінің қорытындысы бойынша басымдық аймақтағы бұрыннан бар мәселелерді түбірімен өзгертетін жобаларға берілді. 107 жеңімпаздың тізімі liga.org.kz сайтында жарияланды. «Қазақстан волонтерлар Лигасы» қоғамдық қоры конкурс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды. Барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасында волонтерлық қозғалысты дамытуға білдірген қызығушылықтары мен бастамалары үшін алғыс білдіреді. Еліміздің игілігі үшін өсіп, жемісті еңбек етуді тілейді.