Үздіктер іріктелетін уақыт келді
Үздіктер іріктелетін уақыт келді
151
оқылды
Елдің саяси өміріне тың серпін берген праймериздің дауыс беру кезеңі басталды. Бүгін әр партия мүшесі өзінің лайықты деп таныған тұлғасына қолдау білдіріп, онлайн, немесе офлайн форматта дауыс беріп жатыр. Қазіргі партия тарапынан өтіп жатқан праймериз партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы 17 тамызда өткен кеңей­тілген саяси кеңес отырысында берген «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясы­ның 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы аясында партияға «қайта жандан­дыру» тапсырмасынан туындайды. Прай­мериздің негізгі мақсаты – пар­тияішілік сайлауда өндіріп іс ат­қара­тын, ел алдына шығар көшбас­шыны таңдау. Праймериздің міндеті – «Мықты лидерлер – мықты пар­тия» қағидаты бойынша шынайы және мықты көшбасшыларды партия қатарына тарту. Кандидаттар облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді көтеріп, нақты шешу жолдарын ұсынатындарына сенім­дімін. Әр кандидаттың сайлауалды бағдарламалары партия платфор­масына, Президент Жолдауына және аумақтық партия сайлауалды бағ­дарламасына негізделген. Дүбірлі додаға қатысып жатқан кандидаттарға сәттілік тілей отыра, партия мүшелерін дауыс беріп лайықты тұлғаларды қолдауға шақырамын!  

Азамат Біржанов,

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары