Елдің саяси өміріне тың серпін берген праймериздің дауыс беру кезеңі басталды. Бүгін әр партия мүшесі өзінің лайықты деп таныған тұлғасына қолдау білдіріп, онлайн, немесе офлайн форматта дауыс беріп жатыр. Қазіргі партия тарапынан өтіп жатқан праймериз партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы 17 тамызда өткен кеңейтілген саяси кеңес отырысында берген «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы аясында партияға «қайта жандандыру» тапсырмасынан туындайды. Праймериздің негізгі мақсаты – партияішілік сайлауда өндіріп іс атқаратын, ел алдына шығар көшбасшыны таңдау. Праймериздің міндеті – «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидаты бойынша шынайы және мықты көшбасшыларды партия қатарына тарту. Кандидаттар облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді көтеріп, нақты шешу жолдарын ұсынатындарына сенімдімін. Әр кандидаттың сайлауалды бағдарламалары партия платформасына, Президент Жолдауына және аумақтық партия сайлауалды бағдарламасына негізделген. Дүбірлі додаға қатысып жатқан кандидаттарға сәттілік тілей отыра, партия мүшелерін дауыс беріп лайықты тұлғаларды қолдауға шақырамын!
Азамат Біржанов,
«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары