Нұротандықтардың дауыс беруі белсенді өтіп жатыр
Нұротандықтардың дауыс беруі белсенді өтіп жатыр
145
оқылды
Бүгін түске дейін жүйеде «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының 4 мыңнан астам мүшесі дауыс берді. Алматының 8 ауданында нұротандықтардың дауыс беруі белсенді өтіп жатыр. Олардың басым бөлігі Бостандық ауданында тұрады. Ал праймеризге қатысушылардың ең көп саны – 45 кандидат Медеу ауданында тіркелген. Күннің бірінші жартысында Наурызбай және Алатау аудандарындағы нұротандықтар мен бастауыш партия ұйымдарының мүшелері белсенділік танытты. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы Алматыда партияның 58 721 мүшесі бар, оның ішінде ақпараттық жүйеге 52 929 адам авторизацияланды. Бұл жалпы санының 90%-ын құрайды. Электронды дауыс беру 3 қазанға дейін жалғасады. Азаматтар primaries.kz сайтында, мобильді қосымша және дауыс беру учаскелеріндегі онлайн-кабинеттер арқылы таңдаған кандидатқа дауыс бере алады. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Алматыда олардың саны – 37. Учаскелердің орналасқан жері туралы «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының ресми аккаунтынан білуге болады.