Ведомствоаралық комиссия қазақстандықтарға 5 қазаннан бастап бірқатар шектеу енгізуге шешім қабылдады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Қазақстан бірқатар елдерге әуе қатынасын жаңартпайды және Түркияға ұшулар санын азайтады.
«Ведомствоаралық комиссия 5 қазаннан бастап басқа елдерге әуе қатынасын жаңартпауға, әуе қатынасы қалпына келтірілген елдерге рейстер санын арттырмауға, Тұркияға рейстер санын қысқартуға шешім қабылдады», — деді Цой.Еске сала кетейік, министр бұған дейін Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан карантин қатаңдатылуы мүмкін екенін айтқан болатын.