Карантиндік шаралар жеңілдетілмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
"Карантинді жеңілдету қарастырылмаған. Әуе қатынасы мен шекарадан өтуге қатысты ведомствоаралық комиссия жеке шешім қабылдады", - деді ол брифингте.Еске сала кетейік, бұған дейін ведомствоаралық комиссия 5 қазаннан бастап басқа елдерге әуе қатынасын жаңартпауға, әуе қатынасы қалпына келтірілген елдерге рейстер санын арттырмауға, Түркияға рейстер санын қысқартуға шешім қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.