Министр коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны не себепті сынап көрмегенін айтты
Министр коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны не себепті сынап көрмегенін айтты
132
оқылды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысқан-қатыспағаны туралы айтты.
«Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратынан қазақстандық вакцинаны ешкім қабылдамаған. Әзірге сынақ нәтижесін күтіп отырмыз. Нәтижесі шыққаннан кейін сіздерге хабардар етеміз, егуді ұсынамыз немесе өзімізге де егеміз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Ол қазақстандық вакцинаны не себепті өзіне сынап көрмегені туралы айтты.
«Тиімділігі мен қауіпсіздігі әлі анықталмағандықтан оны өзіме салдырмадым. Оны қабылдап көруге дайын еріктілер бар. Әріптестеріміздің айтуынша, оны қабылдап көргендердің жағдайлары жақсы», - дейді ол.