Қызылордалық мұғалімдер Тәуелсіздік күніне орай 800 мың теңге көлемінде сыйақы алады. Әрине барлығына емес, тек 10 мұғалімге беріледі. Бұл туралы Aykin.kz тілшісі baigenews.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды.
– Мұғалім мамандығы үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Себебі, олар жас ұрпаққа білім беріп тәрбиелейді. Олардың еңбегін қоғам жоғары бағалайды, ал мемлекет мұғалімдерге үлкен қолдау көрсетеді, – деді Қызылорда обылысының білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова
Обылыстың бас мұғалімі өзінің әріптестерін құттықтап, биыл мерекені қалай тойлайтынын айтты. – Бұл жылы мұғалімдер күніне арналған мереке онлайн режимінде өтеді. «Қазпочта» арқылы ардагер мұғалімдерге құттықтау қағаздары жеткізілді. Әлуметтік желілерде «Құрметке лайық» ұранымен челлендж өтуде. Сондай-ақ, аудандардағы үздік мұғалімдер туралы бейнероликтер түсіріліп, интернет желісіне салынатын болады. «Шәкірттер құттықтайды» атты онлайн акция өткізілді. Мұның бәрі біздің мұғалімдерге қуаныш сыйлау үшін ұйымдастырылуда, – деді Қасымова. Алайда әзірге берілетін мұғалімдердің есімі аталмады.