Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жол жөндейтін және салатын компаниялардың рейтингі қалай түзілетіні белгілі болды

Барыс Нұрлан
Қазан 1, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
жол

© Сурет ғаламтордан

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ бас инженері Ратмир Ахметов Қазақстанда жол жөндейтін және салатын компаниялардың рейтингі қалай түзілетінін түсіндіріп берді

Бүгін «QazAvtoJol» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов ендігі уақытта елімізде жол салатын және жөндейтін мердігер компаниялардың рейтингі әзірленетінін мәлім еткен еді. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ бас инженері Ратмир Ахметов компанияның Instagram парақшасында бұл рейтинг қалай жасалатынын айтып берді.

«Сөз басында жол жөндейтін ұйымдардың рейтингі қалай түзілетінін және оларға нақты қандай талаптар қойылатынын түсіндіріп берейін. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқаратын компаниялар үшін 33 критерий белгіленді. Әрбір критерийді заң бойынша ол компаниялар орындауы керек. Біз тек олардың қатарына бірнеше талап қостық», – деді Ратмир Ахметов.

Оның айтуынша компаниялар мынадай талаптарға сай болуы тиіс: құрылыс-монтаждау жұмысын уақытында аяқтау, уақтылы пайдалануға беру, атқарылған жұмыстың сапасы, құрылыс барысында жол үстінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Десе де ең алдымен жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы – басты талаптардың бірі болмақ.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Нұр-Сұлтан – Алматы тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Шұрқ тесілген жолдар

«Өздеріңіз білетіндей, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жұмыскерлер үйінен алыс жүріп атқарады. Тиісінше тапсырыс беруші ретіндегі бізге ең алдымен мердігер ұйымның өз жұмысшыларына лайықты еңбек жағдайын жасағаны маңызды. Мәселен құрылыс кезінде жұмысшылартың жатақханасы барлық талаптарға сай болып, футбол алаңынан дейін қарастырылуы керек. Сол секілді құрылысқа жақын аумақта монша болса, вахталық қалашығын көгалдандырса – біз ол компанияға қосымша ұпай береміз. Сол секілді құрылыс компаниясы өз жұмысшыларына айлықты көбірек берсе – біз ол компанияға қосымша ұпай қосамыз», – деді ол.

Сонымен қатар құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқаратын компанияның техникаларының (булдозер, автогрейдер) 50 пайызы жаңа болса – тиісінше осы үшін де белгілі бір ұпайға ие болады. Осы критерийлердің негізінде компаниялар A, B, C, D, E санаттарына бөлінеді. А санатына кіретіндері – жетекші компаниялар болмақ.

«Біз үздік шыққан компанияларға қандай артықшылықтарды береміз? Үздік шыққан компанияларға банк кепілдігінің мөлшерін барынша минимумға төмендетуге дайынбыз. Мәселен А санатына кіретін компаниялар 3 пайыздың орнына банк кепілдігі ретінде сақтандыру полисінің 1 пайызын әкеледі. Ал В санатындағы компанияларға сақтандыру полисінің 2 пайызы ғана сұралады. ТОП үздіктердің қатарына кіретін компаниялардан мәселен Құрылысшылар күнінде марапаттау бойынша ұсыныстарын бірінші қабылдаймыз. Одан бөлек бір орыннан сатып алу кезінде де үздік компанияларға алдымен басымдық беріледі. Бұл – өзара тиімді ұсыныс деген ойдамын», – деді ол.

 
ID: 0
Тегтер: «QazAvtoJol» ҰК»жолжөндеукомпанияҚазАвтоЖолқұрылысрейтинг
Алдыңғы жаңалық

«Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелгендердің бестен бірі (22%) дауыс берді

Келесі жаңалық

Үшаралда биіктігі 33 метрлік тутұғыр орнатылды

Ұқсас жаңалықтар

бай мен кедей
Әлеумет

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 2021
бетперде, баға, қымбатшылық
Жаңалықтар

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 2021
Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды
Жаңалықтар

Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

Сәуір 23, 2021
Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?
Әлеумет

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Сәуір 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 08:00

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 07:56

Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

Сәуір 23, 07:34

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Сәуір 23, 07:03

Бітімгерлік миссиялары: бейбітшілік – басты құндылық

Сәуір 23, 07:00

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 23, 06:59

Таразда оқушыларға оқ атқан кім?

Сәуір 23, 06:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

бай мен кедей

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 2021
бетперде, баға, қымбатшылық

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»