Үшаралда биіктігі 33 метрлік тутұғыр орнатылды
Үшаралда биіктігі 33 метрлік тутұғыр орнатылды
205
оқылды
Туристер көптеп келетін Алматы облысының Алакөл ауданына биіктігі 33 метрлік ту тұғыр орнатылды. Тутұғыр Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласының «Даңқ» аллеясына орнатылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараның шымылдығы әнұранның шырқауымен ашылып, көк байрағымыз өз биігіне көтерілді. Айта кетейік, Алакөлге туристер көптеп келеді. Себебі, шипалы көл осы елді-мекенде орналасқан. Сондықтан ұйымдастырушылар саябақтағы тутұғыр демалушыларға патриоттық рух береді деген сенімде. Тутұғырдың биіктігі 33 метр, тудың көлемі 3×6метр. Жобаны «Төлегенов» серіктестігі жүзеге асырды.