Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Университеттер бассыз кетпей ме?

Жоғары оқу орындары ба­қылаусыз қалмауы керек. Бірақ олардың дербестігін де қорғаған жөн. Нұрлан Нығма­тулиннің төраға­лығымен өт­кен Мәжілістің жалпы оты­рысында депутаттар бі­лім бе­ру мәселелері бойын­ша түзетулер енгізетін жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат елдегі білім беру процесін жетіл­діруге және білім қызметтерін көрсету ісіне мониторинг жүргізуге бағытталған.

«Айқын» ақпарат
Қазан 2, 2020
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
Majilis
122
қаралым

Мәжіліс Төрағасының байла­мынша, білім сапасын бағалау тетігінің қалай аталатыны (оқу же­тіс­тіктерін сыртқы бағалау немесе білім жетістіктеріне мо­ниторинг жүргізу) маңызды емес. Маңыз­дысы – ол 2018 жылы заң жүзінде ЖОО-ларға берілген акаде­миялық және басқарушылық дер­бестікке сәйкес келуі, соған нұқсан келтір­меуі тиіс.

– 2021 жылдан бастап ғылым ордалары төл үлгісіндегі әртүрлі дип­ломын беруге кіріседі. Осы­лайша, жоғары оқу орындары білім беру қызметінде толығымен дер­бестік алады. Солай екен, де­мек білім сапасы үшін жауап­кершілікті де ЖОО-лардың өзі арқалауы ке­рек, – деді Нұрлан Зайроллаұлы.

Оның байламынша, оқу орын­дары бұл дербестікті «өзі қалағанша диплом басып шығара берудің мүмкіндігі» деп санамауы қажет.

– Әрбір ЖОО өзі берген дип­ломды бағалауы, ардақ тұтуы тиіс. Осыған байланысты сұрақ туады: жоғары оқу орындарында білім беру жетістіктеріне мони­торинг жүргізіп отыру қаншалықты орынды? Оның үстіне, аталған мониторинг нақты бір ЖОО-дағы оқыту бағдар­ламаларының сапасы туралы еш­қандай түсінік бермейді. Сонымен бірге білім беру қыз­метіне бақылау міндетті түрде бо­луы тиіс. Бұдан былай ЖОО-лар бақылаусыз қалады екен деген жалған пікір қалып­таспауы ке­рек, – деді Н.Нығ­ма­тулин.

Оның пікірінше, мұндай бақы­лау бар: кәсіпкерлік нысаны ретінде барлық ЖОО-ға Кәсіп­керлік ко­декске сай бақылау жүзеге асы­рылады.

Парламентке өту межесі

Президент фракция басшыларымен кездесті

Президент бастамасы саяси аренада жаңа партиялардың пайда болуына жол ашады – Самат Нұртаза

«Бүкіл ЖОО – нарықтың субъек­тісі. Демек, Білім және ғы­лым министрлігі Бас про­курату­раның Құқықтық статистика және ақпарат орталығы арқылы нарыққа кіріп, олардың біліктілік талапта­рына және білім беру стандарт­тарына қаншалықты сәй­кестігін қада­ғалайды. Бұл уәкілетті орган­ға, яғни БҒМ-ге ЖОО-лардың қызме­тін терең талдауға және оларды тиісті бағалауға мүм­кіндік береді, – деген сенімде Нұрлан Нығма­тулин.

Ол «Кейбір заңнамалық акті­лерге білім беру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасын пы­сықтайтын жұмыс тобына екінші оқылымға дейін бұл мәселені тағы да бір рет мұқият қарауды тап­сырды.

Заң жобасы сондай-ақ қыз­мет­кердің еңбек қызметін растайтын құжаттар тізбесін жаңа құжатпен – дуальді оқыту туралы келісіммен толықтыруды ұсынады. Бұған қоса, техникалық және кәсіптік кадр­ларды даярлауға арналған мем­лекеттік тапсырысты бөлу тетігін жетілдіру көзделген. «Жоға­ры кол­ледж» және «колледж» ұғым­­дары­ның аражігі ашылады.

Депутаттар қосымша білім алу­ға да мемлекеттік грант беруді ұсынды. Сондай-ақ мемлекеттік мектептер мен балабақшаларда бар тамақ­тандыру қызметін қо­сымша білім беру ұйымдарына да енгізу қарас­тырылып отыр.

Палата «Қазақстанның Мем­ле­кеттік шекарасы туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасын ІІ оқы­лымда мақұлдады. Құжатта ұлттық қауіпсіздік органдарының қыз­мет­керлерін әскери қызмет­шілер сана­тына ауыстыру және Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің жеке­леген бөлім­шелерін ҰҚК әс­ке­ри құра­малары етіп қайта құру мүмкіндігі көзделген. Осы коми­теттің ве­домст­восы мәрте­бесін бере отырып, авиа­цияны Ше­ка­ра қыз­метінен шыға­руды көз­дейтін түзе­тулер ұсы­ны­лады. Сон­дай-ақ осы ор­ганның оқу орын­дарын интег­рациялау және кадрлар даяр­лау сапа­сын арттыру үшін заң жо­басында Шекара қыз­меті ака­демиясын ҰҚК қара­мағына беру қарастырылған.

 

Айхан ШӘРІП

 

 

 
Тегтер: білім беружоғары оқу орыныМәжілісмониторингНұрлан Нығматулинуниверситет
Алдыңғы жаңалық

Әскери жаттығуға екі алпауыт шақырылады

Келесі жаңалық

Абайды ұлықтау жалғасады

Ұқсас жаңалықтар

коронавирус
Жаңалықтар

Қазақстанда 946 адам коронавирустан емделіп шықты

Қаңтар 19, 2021
Парламентке өту межесі
Әлеумет

Парламентке өту межесі

Қаңтар 19, 2021
Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты
Жаңалықтар

Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты

Қаңтар 19, 2021
Азамат Мұсағалиев
Жаңалықтар

Азамат Мұсағалиев Қазақстанның бір қаласын әзілге қосты

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 946 адам коронавирустан емделіп шықты

Қаңтар 19, 08:48

Парламентке өту межесі

Қаңтар 19, 08:30

Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты

Қаңтар 19, 08:29

Азамат Мұсағалиев Қазақстанның бір қаласын әзілге қосты

Қаңтар 19, 08:24

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 08:10

Балаға тіпті « тәйт» деуге де болмай ма?

Қаңтар 19, 08:00

Коронавирус: Нұр-Сұлтандағы ауруханалар 80% толы

Қаңтар 19, 07:51
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус

Қазақстанда 946 адам коронавирустан емделіп шықты

Қаңтар 19, 2021
Парламентке өту межесі

Парламентке өту межесі

Қаңтар 19, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»