Дінбасылармен әңгімелесті

Дінбасылармен әңгімелесті

Сенат Спикері Қазақстанда бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде иудей қауымы мемлекеттің маңызды серіктесі екенін және бұл дін өкілдері елімізде мәдениет пен руханияттың дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар ол Бас раввинді және Қазақстандағы барша еврей қауымын Суккот мерекесімен құт­тықтады. Палата Төрағасы ежел­ден келе жатқан бұл мейрам сенім пен бірлікті арттыратынын және ізгі­лікті дәріптейтінін тілге тиек етті. Кездесу барысында тараптар осыған дейін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съез­дерінің қорытындыларын іске асыру жұмыс­тарына қатысты пікір алмасып, дінаралық диа­логты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. М.Әшімбаев съездің ха­лықаралық деңгейде мойын­­далғанын және жаһан­дық өркениетаралық диалогтың маңызды тетігіне айналғанын айтты. Сондай-ақ Сенат Төрағасы Ватиканның Қазақ­стандағы өкілі – Апостол нунциі Фрэнсис Ассизи Чулликатпен де жүздесті. Кездесу бары­сында еліміз­де дінаралық диалогты дамыту және қоғам­дық келі­сімді нығайту мәселелері талқы­ланды. Мәулен Әшім­­­баев биыл Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипло­матиялық қарым-қатынасқа 28 жыл толғанына тоқ­талды. Сондай-ақ ол осы уақыт аралығында екі мемле­кет түсіністік пен ынты­мақтастыққа негіз­дел­ген сын­­­­­­дарлы өзара іс-қимыл қалыптастырғанына назар аударды. Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер ли­­дерлері съезі хатшылығының басшысы біздің қо­ғамда толеранттылықты және түрлі дін мен этнос өкілдеріне құрметпен қарауды дәріптеп жүрген Қа­зақ­стандағы католик шіркеуінің жұмы­сына мән бере кетті. Бұдан бөлек, Мәулен Әшімбаев пен Фрэнсис Ассизи  діни  съезд  хатшылығының  жұмысы  ая­сында сындарлы өзара іс-қимылды әрі қарай жал­ғастыруға ниетті екенін растады.  

Ерік ЕРДЕНОВ