Орынбасарлар шеруі: басшылар құтылып, қосшылар тұтылып жатыр
Орынбасарлар шеруі:  басшылар құтылып,  қосшылар тұтылып жатыр
143
оқылды
Бірақ біздің саяси жүйеде бі­рінші бас­шының басын қорғап, бар кінәні орын­басардың мой­нына іліп жіберетін үрдіс қалып­тасқан. Жемқорлық бабымен бас­тықтар емес, орынбасарлар көп сотта­латыны да сондықтан. Бі­реуді жазалау керек болса, әдетте ұсақ шенеуніктер шырыл­дап кете барады. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес, мем­лекеттік қызмет­кер­лер: министрлер, олар­дың орын­басарлары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, облыс, аудан әкімдері мен олар­дың орын­ба­сарлары өзіне бағы­нышты қыз­меткері парамен тұтылса, де­реу отстав­каға арыз жазуы керек. Ал отстав­каны қабылдау немесе қа­был­дамауды тағайын­даған адам шешеді. Әлемдік тәжірибеде ондай отставкалар жүздеп саналады. Мысалы, бірнеше жыл бұрын Чехияның премьер-министрі Петр Нечас қол астындағы шенеу­ніктер корруп­цияға қатысы бар деген күдікке ілінген соң өз еркі­мен жылы орнын босатты. Бауырлас Түркияның экономика министрі Зафер Чаглаян, ішкі істер министрі Муаммер Гүлер мен қоршаған ортаны қорғау министрі Ердоған Байрактар бір-ақ күнде жұмыстан кетті. Өйткені үшеуінің де балалары мем­лекеттік тендерді өткізу кезінде пара алды деген айыппен тұтқын­далған. 2019 жылы Аустрия канцлері Себастьян Курц өзінің оң қолы Хайнц-Кристиан Штрахенің орыс кәсіп­керімен астыртын келіссөзі бей­не­жазбаға түсіп қалғаннан кейін мансабынан бас тартты. Бір қарағанда, мұндай мысал бізде де толып жатқан сияқты. Былтыр мамыр айында Ұлттық экономика министрі Руслан Дә­ленов Кәсіпкерлікті дамыту де­пар­таментінің директоры Ас­ланбек Жақы­повтың ісіне бай­ланысты сот шешімі күшіне енсе, отставкаға дайын екенін мәлім­деген. Асланбек Жақыпов үш жылға сотталды. Алайда міз бақ­қан министрді байқамадық. Алматы облы­сының әкімі Аман­дық Баталов та орын­басары Бағдат Мәнізоровқа тағылған айыптар расталса, лауазымымен ойланбай қоштасуға ниет білдірген. Әйтеуір Мәні­зоров тергеу бары­сында ақталды да, Бата­лов орнында қалды. Яғни, жоғары дең­гейдегі басшылар арасында орын­басардың кесірінен жауапқа тартылған ешкім жоқ. Президент пәрмені төмендегі төрешіктерге ғана жүре ме дейміз. Таяуда СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауда­нының әкімі Ербатыр Ма­дияров қол астындағы қызмет­керлерінің жем­қорлы­ғы үшін жұмыстан қуылды. Екі апта бұрын Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігі отставкаға өтініш берген шенеу­ніктердің аты-жөнін жа­риялады. Олар – Атырау облысы Құр­манғазы ауда­нының әкімі Нұртаев, Түр­кістан облысы Келес ауданының әкімі Есбаев және Алматы облысы Текелі қала­сының әкімі Өнербаев. Қауа­шағымызға қалқып шық­қаны – осы­лар ғана. Өркениетті қоғамда азаматтық ұстаны­мы айқын, мемлекетшіл тұлғалар өзі та­ғайын­даған қыз­меткері жемқорлыққа ша­тылса, кірерге тесік таппас еді. Жеке ба­сы­ның адалдығы күмән туғыз­баса да, өзін кінәлі сезінер еді. Өйткені бұл – жусаң кетпейтін қара дақ. Рас, дәл танауының астында не былығып жатқанын білмейтін басшылар білдей бір саланы не аймақты қалай да­мытпақ? Ең алғаш бұл мәселені 2010 жылы «Nur Otan» партиясы жа­нындағы Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық кеңесті бас­қарған Оралбай Әбдікәрімов кө­терді. 2013 жылы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов те сондай мәлімдеме жасаған. Ел­басы Нұр­сұлтан Назарбаев бұған дейін жемқорлықпен күресті кү­шейтуді бірнеше рет тапсырған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та кейінгі кезде бюджет қаржысын жым­қырғандарды қатаң жазалау ке­регін айтып жүр. Бірақ атышулы отстав­калар әзірге қол жетпес арман секілді. Біз тілге тиек еткен 2010 жылғы норма іс жүзінде бірде-бір рет қол­данылмапты. 2015 жылдың жел­тоқ­­санында бұл норманың күші жойылып, оның орнына «Мемлекеттік қызмет өт­керудің кейбір мәселелері тура­лы» ереже қабылданды, бұл құ­жатта министрлер мен әкім­дердің жауапкершілігі жайлы бірауыз сөз жоқ. Бір кездері Сыбайлас жем­қорлыққа қар­сы іс-қимыл агент­тігін басқарған Қай­рат Қо­жам­жаров бұрынғы норманы қал­пына келтіруге тырысып көрді. Алик Шпек­баев­тың тұсында сең қозғала баста­ды. 2018 жылы Ел­басы орынбасарлар үшін бас­шы­ларды жазалауға тапсырма берді. Содан кейін агенттік «Қа­зақстан Рес­публи­касы­ның кей­бір заңнамалық акті­леріне мем­лекеттік қызмет және сы­байлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойын­ша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң жоба­сын әзірлеп, Мә­жіліске енгізді. 2019 жылы ақпан айында Мәжіліс депу­таттары оны бірінші оқы­лымда мақұлдады. Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заң­ның тарихы осындай. Әкім мен министрдің отстав­касын қа­был­дау немесе қабыл­дамау – Қасым-Жомарт Кемел­ұлының құзырында. Сонда дей­міз-ау, Мемлекет басшысы шешім қабылдағанда қандай тетіктерге сүйенеді? Шенеуніктің жазықты не жазықсыз екенін қайдан біледі? Әрбір жемқорлық дерегін жеке-жеке тек­серуге уақытты қайдан таба­ды? Сол қыл­мыстың алдын алуға әкімнің не министрдің мүм­кіндігі болған-бол­мағанын қалай анық­тайды? Арнайы тергеу жүр­гізе ме, әлде ішкі түйсігіне ғана иек арта ма? Сананы сансырат­қан сауалдар басы ашық күйінде тұр. Таяқтың екінші басы бар. Әділет министрі Марат Бекетаев бір жиында жур­налистермен жүздесіп отырып: «Мен басқа адам­ның басына кіре алмаймын және оның не ойлас­тырып жүр­генін түсіне алмаймын. Егер ол менің сөздерім мен іс-әре­кеттеріме қара­мастан, қандай да бір құқықбұзушылық жасаса, онда неге мен жауап беруім керек?» деп жаңағы ережеге қарсылық таныт­қан. Оның пікірі де қисынды. Transparency  International ұйы­­мының Жемқорлықты қа­былдау индексінде бір жыл ішінде екі саты төмендеппіз. 2018 жы­лы 122-орын­­да тұрған Қа­зақстан 2019 жылы 124-орынға сырғыған. Алик Шпек­баевтың сөзіне сенсек, Қа­зақ­станда соңғы үш жылда сыбай­лас жем­қорлық қылмыстары ке­міген, бірақ шы­ғын сомасы арт­қан. Де­мек, жем­қорлар азай­ғаны­мен, ара­ны ашы­ла түскен.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ