Алматы мен Жамбылды үсік шалуы мүмкін
Алматы мен Жамбылды үсік шалуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады.
Тек республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерді тұман басуы мүмкін. Ал оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жел күшейе түседі.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде қатты жел тұрып, тұман түсуі ықтимал. Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерінде тұман болады. Жамбыл мен Алматы облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүріп өтеді деп күтіледі. Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.