Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Экстремизмнің алдын алудың жолы

«Айқын» ақпарат
Қазан 9, 2019
Саясат
703
қаралым

Петропавл тұрғыны әлеуметтік желіде діни мазмұндағы аудиофайлдарды таратқан

Маңғыстауда адам ұрлаумен айналысқандар ұсталды

Бүгінде діни экстремизм мен терроризм қаупі бүкіл әлемге жантүршігерлік қауіп төндіріп тұр. Лаңкестік әрекеттерді қазіргі уақытта Еуропадан да, Азиядан да, АҚШ-тан да кез келген аймақтан көре отырып, оның құрлық таңдамайтын тажал екенін түсінудеміз.

Мысыр елінде мешіт ішінде орын алған жарылыс салдарынан үш жүзден астам жазықсыз жан­дар­дың өмірі қиылғаны лаңкес­тердің ештеңені қасиет тұтпайтын, өте қатігез екендігін көрсеткендей. Елбасымыз да елордада өткен бір жиында экстремизм мен терро­ризм­нің қаупіне қатты алаңдап: «Халықа­ра­лық терроризм апатты ауқымға жетті. Ол үшін шекара қалмады. Бүгінде әлемнің кез кел­ген нүктесі жойқын соққы объек­ті­сіне айнала алады. Үшінші мың­жылдық бас­тал­ғалы бері терактілер мен қаза бол­ғандар саны он есеге өсті. 2016 жылы 104 елде теракт болды. Бұл – әлемнің жартысынан көбі. Яғни, география және ауқым­дылық тұр­ғысынан біз шартты түрде үшін­ші дүниежүзілік соғыс жағдайында тұрмыз деуге болады. Террорға қарсы соғыста…» деген болатын.

Экстремизм – «әсірелікке, зор­лық-зомбылыққа үндейтін, дiни өшпендiлiкті жандандырушы және азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, көзқара­сына немесе құқығы мен бостан­дығына қатер туғызатын кез кел­ген діни тәжірибені» мақса­ты­на пайдалануды көздейтін іс-әрекет немесе қалыптан тыс шетін көзқа­рас­тар.

Дін түсінігіндегі экстремизмді – дінге сыймайтын шектен тыс көзқарастар мен іс-әрекеттер құ­рай­ды. Мұндай экстремизмнің соңы зорлық-зомбылыққа, агрес­сия­ға апарады. Экстремизм­нің кең және нақтылы өлшемдеріне баға берген ресейлік сарапшы М.Крас­нов. Оның ойынша, экстре­мизм­ге мынадай идеяларды, ба­ғыт­тарды, доктриналарды таратуға бағыт­талған әрекеттерді жатқызуға болады:

•адамдарды таптық, меншік­тік, нәсілдік, ұлттық немесе діндік ерекшеліктеріне байланысты бөлу;


•адам құқығын конституция­лық құндылық ретінде жоққа шығару;


•ашық плюрализм мүмкін­дігін, идеяларды еркін тарату және айырбастауды жою;


• бір идеологияны мемлекеттік ретін­де орнату.

Отандық ғалым Н.Байтенова­ның түсіндіруінше, экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әртүрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез келген қоғам мен мемле­кетке тән. Қазіргі кезеңде экстре­мизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде сарапшылар мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сүру деңгейінің күрт түсуі; мем­лекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформа­ция­сы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабі­леті жетпеу; саяси режимнің тота­литарлық сипат алуы; билік­тегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; лидерлердің саяси амбициялары және т.б. Бұл негізгі факторлармен қоса ғалымдар экстремизмнің пайда болуы және дамуына әсер ететін қосымша факторларды атап көрсетеді. Олар­ға халықаралық немесе мемлекет­тік жүйеде экстремизм көрініс­теріне қарсы күрестің осалдығы, тұрғындардың, жеке топтардың саяси және құқықтық мәдениетінің төмендігі, мемлекетаралық қаты­нас­тың әлсіреуі, әлеуметтік шие­ле­ністің өсуі т.б.

Республика басшылығы діни экстремизм және терроризмге қар­сы елдегі билік органдарын тегіс жұмылдыра отырып, мемле­кеттік деңгейде күрес жүргізіп келеді. Заңдық негіздерге қарар болсақ, 1999 жылдың 13 шілдесінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл» туралы заң қабылданды. 2005 жыл­дың 18 ақпанында «Экстре­мизмге қарсы іс-қимыл» туралы заң қа­был­данды. Бұдан бөлек, 2013 жыл­дың 24 қыркүйегінде №648 Жар­лығымен «Қазақстан Рес­пуб­ли­касында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнін­дегі 2013-2017 жылға арнал­ған мемлекеттік бағдар­ла­­ма­сы қабылданып, сол бағытта қызу жұмыстар жүргізілді.  

Қорыта келгенде, бүгінде елде­гі тұрақтылық пен тыныштық бар­шаға ортақ құндылық. Оны қорғау тек мемлекеттік органдар­дың ғана міндеті болмауы тиіс, оған әрбір Қазақстан азаматы өзі­нің жауапкершілігін терең сезініп, экстремистерге жол бермеуге әрекет жасауы тиіс.

 

Құдайберді БАҒАШАР,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, 

PhD докторы     

 
Тегтер: діни экстремизмлаңкестік әрекеттертерроризм қаупіЭкстремизмнің алдын алудың жолы
Алдыңғы жаңалық

Жол саласындағы жаңалық

Келесі жаңалық

Тоқаев: Халық бизнеспен айналыспаса, тығырықтан шыға алмаймыз

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?
Әлеумет

Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?

Ақпан 26, 2021
Артур Платонов, Nur Otan, Бауыржан Байбек, Nur Otan Партиялық бақылау комитеті
Жаңалықтар

Артур Платонов Nur Otan Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Ақпан 26, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев, Kaspi.kz, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе
Жаңалықтар

Тоқаев Kaspi.kz-тің негізін қалағандарды қабылдады

Ақпан 26, 2021
Тоқаев
Саясат

Жер шетелдіктерге сатылмайды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 23:55

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 23:07

Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жекте IBF чемпионымен кездеседі

Ақпан 27, 22:43

Павлодар облысында халық саны азайған

Ақпан 27, 22:14

Түркістанда жекеменшік үйде төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды

Ақпан 27, 21:33

Петропавлда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды

Ақпан 27, 21:10

Жаңартылған энергия көзі: электр энергиясы неге жыл сайын қымбаттайды?

Ақпан 27, 20:40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 2021
Түркістан

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»