Енді мектептерде вирус басқаша тексерілмекші
Енді мектептерде вирус басқаша тексерілмекші
124
оқылды
Мұндай ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі жалпы білім беру мектептерінде санитарлық нормалардың сақталуы талқыланды. Өз сөзінде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов оқу жылының басынан бері мектептерде жүргізілген тексеру мониторингінің қорытындысын баяндады. Онда 697 мектептің 134-інде санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталған екен.
Бұл ретте, бұзушылықтардың негізгі бөлігі ауылдық мектептерде анықталған. Тексеру кезінде көптеген мектептерде пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын жинауға не жоюға арналған арнайы қоқыс жәшіктерінің және мектеп ішінде жүру кезінде ара қашықтықты сақтауды қамтамасыз ететін белгілердің болмағаны анықталды. Сондай-ақ, қызметкерлердің бетперде режимін сақтамау фактілері кездесіпті.
Соған орай жиын қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары әкімдерге бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Биылғы оқу жылының екінші тоқсанында мектептердің қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдау кезінде мектептердің дайындық жағдайын бағалау ескерілетін болады. Биылғы жылдың 5 қазанынан бастап жаппай жалпы білім беру мектептерін ерекше тәртіп бойынша тексеру жұмыстарының басталатынын атап өту қажет.