Алматылық туыстарын алдап, 1 миллион долларын алып алған
Алматылық туыстарын алдап, 1 миллион долларын алып алған
110
оқылды
Алматыда ағайын-туғаны мен таныстарын алдаған 24 жастағы ер адам ұсталды. Алматы қаласы полиция департаменті ер адамның банктармен ешқандай байланысы жоқ екенін атап өтті. Ол кепілге қойылған мүлік аукционы қалай жұмыс істейтінін хабардар болыпты.
«Ол тұрғын үйді немесе автокөлікті нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен тиімді сатып алуға болатынын айтып, адамдарды сендірген. Әрине, бұл үшін оған ақша керек болған. Клиенттердің бірі бірнеше мүлік сатып алмақ болған. Мысалы, жәбірленушілердің бірі оған 182 миллион теңге берсе, екінші адам оған 386 мың доллар берген», - дейді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.
Күдікті адамдарды алдап, уәдесінде тұрмаған. Ол өзіне екі пәтер, автокөлік сатып алып, шетелге ұшып кеткен.
«Қазіргі таңда күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментіндегі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр», - дейді ол.
Материалдық шығынның сомасы шамамен бір миллион доллар болған.