Үкіметтік емес ұйымдар үшін мол қаржы бөлінді

Үкіметтік емес ұйымдар үшін мол қаржы бөлінді

Жуырда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов үкіметтік емес ұйым  өкілдерімен кездесті.  Атырау облысы бойын­ша өзекті мәселелерді анықтау, талқылау және шешу жолдарын қарастыруға арналған шараға 50-дей үкіметтік емес ұйым өкілдері мен об­лыстық әкімдік басқарма басшылары, қала әкімдігі мен БАҚ өкілдері қатысты. Фасилитация форматында өткен шара үш сессияны құрады. Топ-топқа бөлінген қатысу­шылар ең соңында облыстың дамуына үлес қосып, түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған үз­дік жобаларын облыс әкімінің назарына ұсынды. Жобаларды оң бағалаған аймақ бас­шысы олардың жүзеге асуын қамтамасыз етуді тиісті органдарға тапсырды. Жыл өткен сайын үкіметтік емес ұйым өкілдерінің бел­сенділігі жоғарылап келе жат­қанына ерекше тоқталған ай­мақ басшысы Махамбет Дос­мұхамбетов: «Мемлекеттік ме­кемелермен бірігіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын түр­лі қоғамдық шараларды ұйым­дастырып, спорттық, танымдық, әлеуметтік жобаларды іске асы­рып жатырсыздар. Аза­маттық қо­ғамның қалыптасу және даму про­цесі үкіметтік емес ұйым­дармен тығыз байланысты. Осы жұ­мыстарыңыз арқылы өңір­іміздегі азаматтық қоғамның да­муы­на, ұрпақ денсаулығының оңал­уына, эко­логияның жақсар­уына және әлеуетіміздің артуына себеп болатындарыңызға сенімім мол», – деді. Сондай-ақ  аймақ басшысы М.Дос­мұхамбетов  кездесудің нәтижесі Атырау өңірінің алға қарай дамып, аймақта қалып­тасқан әлеуметтік мәселелерді шешуге және атқарушы ор­гандардың қызметіне тың серпін беріп, жаңа сапалық деңгейге көтеруге септігін тигізетінін атап өтті. Аталмыш шарада облыс әкімі­нің орын­басары Бақытгүл Хаменова  биыл жер­гілікті бюджеттен мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс шеңберінде 14 бағыт бойынша 734 452 880 теңге қаржы бөлінгеніне тоқ­талды. Бұл қаражатқа білім беру, ғы­лым, ақпарат, денешынықтыру, спорт, азаматтардың ден­саулығын сақтау, салауатты өмір салтын на­сихаттау, қоршаған ортаны қорғау мен  жастар саясаты, өзге де салаларда іргелі жұ­мыстар істелген. Аймақ басшылары корона­вируспен кү­ресте үкіметтік емес ұйымдардың ерекше бел­сенділік та­нытып,  бір жұдырықтай жұмы­лып, халыққа көмек көрсет­кеніне алғыс айт­ты. Атырау облысын­да Әділет департаментіне заң­ды тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың жалпы саны – 667. Оның  543-і – Атырау қаласында, 124-і – аудандарда. Са­йып кел­генде, бұлардың барлығы­ның белсенділігі бірдей емес. Сондықтан олардың бәсекелестік танытып, азаматтық қоғамда жанкештілікпен жұмыс істеуі үшін ашық алаңда кездесу өткі­зудің маңызы зор. Бұл үрдіс алдағы уақытта жал­ғасып, өңірдегі ҮЕҰ-ның барлығы да қоғамға қызмет етуде белгілі бір нәтижеге жету үшін жұмыс атқарады деген үміт бары жүз­десуде айтылды.  

   

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы