Жамбыл облысында жыл басынан бері 155 адам суицид жасаған.
Суицидке барған 155 адамның 9-ы бала. Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай, негізінен, Шу, Сарысу, Жамбыл ауданында көп. Сонымен бірге, үш колледж студенті бар.
Мамандардың мәлімдеуінше, мұндай қадамға көбінесе 15 пен 17 жас аралығындағы жеткіншектер барады.
Кейінгі үш жылда облыстағы 26 жеткіншек осындай жолмен бақиға аттанған.
— Жеткіншектердің суицидке баруының себептерін анықтаған кезде ішкі істер органдарына 80 пайызы белгісіз болған. Қалған 20 пайызы ата-анасы мен ақшаға байланысты, сондай-ақ, жақсы көретін адамына деген реніш салдарынан болғандығы анықталған, — деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлзира Дәрібаева.