Әжімге қарсы екпе салдыртқан келіншектің беті қисайып қалған
Әжімге қарсы екпе салдыртқан келіншектің беті қисайып қалған
12 қыркүйекте 29 жастағы қытайлық келіншек бұрын да бетін түзетіп жүрген жергілікті сұлулық клиникасына барған. Ол осы жолы бетіндегі әжімін кетіру үшін инъекция салдыртқан. Алайда, бұл жолы оның жолы болмады.
Oddity Central-тің мәлімдеуінше, арада бір апта өткен соң, яғни 19 қыркүйекте ұйқысынан оянған келіншек бетінің бір жартысы жансызданып қалғанын сезген. Сөйтсе, аузы қисайып, сол жақ қабағы түйіліп, ашылмай қалған. Сонымен қатыр, сол көзін де толық жаба алмай қалған. Оның үстіне тамақты да шайнай алмай қалыпты. Содан ішетіні тек сұйық тамақ, оны да түтікшемен ғана іше алады. 
- Өзімді айнадан көрген сайын өліп қалғым келеді, - дейді шарасыз Чжао. Содан Чжао мамандандырылған ауруханаға тексерілген екен. Оған дәрігерлер бет нервтерінің сал ауруы диагнозы қойыпты. Алайда бетінің қалпына келуіне қанша уақыт кететінін айта алмапты. Ал сұлулық салоны келіншекке өтемақы төлеуден бас тартқан. Себебі дәрігерлер беттің жансыздануының себебін атап көрсетпеген. Сол үшін келіншек енді өзі қаралған аурухананы сотқа беріп жатыр.