Тоқаев: Халық бизнеспен айналыспаса, тығырықтан шыға алмаймыз
Тоқаев: Халық бизнеспен айналыспаса, тығырықтан шыға алмаймыз
130
оқылды

Бұл туралы Мемлекет басшысы елорданы дамыту туралы жиында айтты.

Орта және шағын бизнесті салықтан босатқаннан кейін елорда қазынасы шамамен 40-50 миллиард теңгеге азаяды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорда бюджетінің неге қысқаратынын, тығырықтан шығу жайын Үкіметке тапсырды.

— Тағы бір маңызды мәселе – шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын 2020 жылдан бастап жергілікті бюджетке беру. Микро және шағын бизнес субъектілерін салықтан босатқаннан кейін қала бюджеті 40-50 миллиард теңгеге қысқарады. Негізінде, бұл күтілетін нәтиже, мәжбүрлі шара, бизнеске көбірек адам тарту үшін жасалып отыр. Үкіметтен мұны трагедияға айналдырмауды өтінемін. Одан да бақылау жасап, әрекет етіңдер. Сіздер жоспарланған шығынның орнын толтыруға қажетті 230 миллиард теңгені оңай табасыздар деп санаймын. Есесіне біз халықты бизнеспен айналысуға ынталандырамыз. Әйтпесе, тығырықтан шыға алмаймыз, — деді Президент.

Еске сала кетейік, Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов орта және шағын бизнесті салықтан босатсақ, 2020 жылы ел қазынасы 200 миллиард теңгеге ұтылатынын айтқан болатын