Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Кішкентай оқырмандарға базарлық

Balapan телеарнасының 10 жылдығына орай «Balapan әлемі» сериясымен «Менің сүйікті кейіпкерлерім» атты ертегілер жинағы жарыққа шықты. Жинаққа телеарнаның үздік 10 анимациялық жобасының негізінде жазылған ертегілер енген.

«Айқын» ақпарат
Қазан 2, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан, Мәдениет
balalarga basarlik

«Еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз ба­лалар арнасы Balapan биыл 10 жас­­қа толып отыр. Телеарна мерей­тойына тарту ретінде кішкентай кө­рермендеріміз сүйіп көретін 10 үз­­дік мультхикаяны ертегіге айнал­дырып, ұсынып отырмыз. Бұл  «Bala­pan әлемі» сериясымен жарыққа шық­­­қан алғашқы кітап. Көгілдір эк­­раннан жақсы таныс кейіпкерлерді бүлдіршіндеріміз ертегілер еліндегі қызықты оқиғалар арқылы басқа қы­ры­нан танитыны анық. Ер­теңгі ел азаматын тәр­биелеуде өз қаһар­ман­дары­мызды үлгі етуіміз тиіс еке­нін үнемі айтып келеміз. Осыны ес­кере келе кейінгі жылдары арна эфирінен отандық ани­мацияларды шығаруды қолға ал­сақ, енді ондағы қаһармандарды ертегі кейіпкеріне айналдырып отырмыз. Balapan ар­насын сүйіп көретін көрермендер бұл кітапты да қызыға оқитынына сенім­ді­міз», – дейді «Қазақстан» теле­ра­ дио­корпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Атап айтсақ, кітапқа «Пырақтар», «Күлкі іздеген Күнекей», «Ертемір», «Алан мен Қозықа», «Дала ойындары», «Әли мен Айя», «Ертегілер еліне сая­хат», «Айдар», «Ерден атаның әң­гі­мелері», «Қызыл мен Күлтегін» муль­тхикаяларының ертегі нұсқа­сы топтастырылған. Balapan теле­ар­на­сының директоры Мақпал Жұ­мабай­дың айтуынша, ертегілер жинағын шығарудағы басты мақсат – кө­­рермен көзайымына айналған ке­йіпкерлер мен қаһармандар арқылы балаларды кітап оқуға қызықтыра отырып, кіш­кен­тай оқырмандардың көбеюіне ық­пал ету және бұл бастама алдағы уа­қытта да жалғасады.

«Балақайлар экрандағы сүйікті кейіп­керлерімен кітап беттерінде қауы­шып, ой-қиялдарын ұштай түспек. Ізгі­лікке, отансүйгіштікке баулитын, тілге жеңіл болса да терең мазмұнды ертегілер бүлдіршіндерді көркем де тар­тымды иллюстрациясымен  бау­рап алады деген үміттеміз. Алдағы уа­қыт­та  «Balapan әлемі» сериясымен тұрақты түрде кітаптар шығаруды мақ­­сат етіп отырмыз», – деді балалар арна­сының директоры. Жинақ алдағы уақытта Balapan көрермендеріне сыйға тартылып, облыс орталықтарындағы кітапханаларға таратылады.  Сонымен бірге кітап дүкендеріне сатылымға шығарыла­ды.

 

Исмаил ҚУАНЫШ

Ертегі оқитын бала қайда?

Balapan телеарнасы жанынан Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі жұмысын бастайды

Диснейдің «Жұлдыздар шеруі»

 

 

 
ID: 0
Тегтер: «Balapan әлемі» сериясы«Менің сүйікті кейіпкерлерім» атты ертегілерBalapan телеарнасыанимациялық жобабазарлықЕртегі
Алдыңғы жаңалық

Праймеризге қатысушылардың бәрі жеңімпаз

Келесі жаңалық

Тоқаев АҚШ президентінің коронавирустан тезірек сауығуына тілектестік білдірді

Ұқсас жаңалықтар

Мархабат Байғұт
Nur Otan

Қоғамдық кеңестер жоғары жауапкершілік жүктейді – Мархабат Байғұт

Сәуір 16, 2021
Алматы
Жаңалықтар

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 2021
такси
Жаңалықтар

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 2021
әл-ауқат
Nur Otan

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғамдық кеңестер жоғары жауапкершілік жүктейді – Мархабат Байғұт

Сәуір 16, 17:55

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 17:31

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 17:21

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 17:14

Жітіқарада туыстарын алдап, олардың атына алты онлайн несие рәсімдеген ер адам 4 жылға сотталды

Сәуір 16, 16:58

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Сәуір 16, 16:32

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 15:58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Мархабат Байғұт

Қоғамдық кеңестер жоғары жауапкершілік жүктейді – Мархабат Байғұт

Сәуір 16, 2021
Алматы

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»