Кішкентай оқырмандарға базарлық
Кішкентай оқырмандарға базарлық
218
оқылды
«Еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз ба­лалар арнасы Balapan биыл 10 жас­­қа толып отыр. Телеарна мерей­тойына тарту ретінде кішкентай кө­рермендеріміз сүйіп көретін 10 үз­­дік мультхикаяны ертегіге айнал­дырып, ұсынып отырмыз. Бұл  «Bala­pan әлемі» сериясымен жарыққа шық­­­қан алғашқы кітап. Көгілдір эк­­раннан жақсы таныс кейіпкерлерді бүлдіршіндеріміз ертегілер еліндегі қызықты оқиғалар арқылы басқа қы­ры­нан танитыны анық. Ер­теңгі ел азаматын тәр­биелеуде өз қаһар­ман­дары­мызды үлгі етуіміз тиіс еке­нін үнемі айтып келеміз. Осыны ес­кере келе кейінгі жылдары арна эфирінен отандық ани­мацияларды шығаруды қолға ал­сақ, енді ондағы қаһармандарды ертегі кейіпкеріне айналдырып отырмыз. Balapan ар­насын сүйіп көретін көрермендер бұл кітапты да қызыға оқитынына сенім­ді­міз», – дейді «Қазақстан» теле­ра­ дио­корпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Атап айтсақ, кітапқа «Пырақтар», «Күлкі іздеген Күнекей», «Ертемір», «Алан мен Қозықа», «Дала ойындары», «Әли мен Айя», «Ертегілер еліне сая­хат», «Айдар», «Ерден атаның әң­гі­мелері», «Қызыл мен Күлтегін» муль­тхикаяларының ертегі нұсқа­сы топтастырылған. Balapan теле­ар­на­сының директоры Мақпал Жұ­мабай­дың айтуынша, ертегілер жинағын шығарудағы басты мақсат – кө­­рермен көзайымына айналған ке­йіпкерлер мен қаһармандар арқылы балаларды кітап оқуға қызықтыра отырып, кіш­кен­тай оқырмандардың көбеюіне ық­пал ету және бұл бастама алдағы уа­қытта да жалғасады.
«Балақайлар экрандағы сүйікті кейіп­керлерімен кітап беттерінде қауы­шып, ой-қиялдарын ұштай түспек. Ізгі­лікке, отансүйгіштікке баулитын, тілге жеңіл болса да терең мазмұнды ертегілер бүлдіршіндерді көркем де тар­тымды иллюстрациясымен  бау­рап алады деген үміттеміз. Алдағы уа­қыт­та  «Balapan әлемі» сериясымен тұрақты түрде кітаптар шығаруды мақ­­сат етіп отырмыз», – деді балалар арна­сының директоры. Жинақ алдағы уақытта Balapan көрермендеріне сыйға тартылып, облыс орталықтарындағы кітапханаларға таратылады.  Сонымен бірге кітап дүкендеріне сатылымға шығарыла­ды.
 

Исмаил ҚУАНЫШ