Жоғалған әйел 2 жылдан кейін мұхиттың ортасынан тірі табылған
Жоғалған әйел 2 жылдан кейін мұхиттың ортасынан тірі табылған
177
оқылды
The New York Post мәлімдеуінше, Колумбия жағалауындағы балықшылар оны шала-жансар күйінде тауыпты.   [caption id="attachment_76651" align="alignnone" width="643"]мұхит ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Оқиға Атлантикодағы Пуэрто Колумбия қалалық жағажайының жағалауынан екі шақырым жерде болды. Балықшылардың айтуынша, бастапқыда олар алдарында ағып бара жатқан бөрене деп ойла. Бөренеге жақындай түскенде оның  адам екенін көрген. Ол қолын сілтемекші болыпты.
Әйел суда 8 сағаттай болыпты. «Менің әлі көрер жарығым бар екен» дейді есін жиған ол. [caption id="attachment_76650" align="alignright" width="367"]мұхит ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Әйелдің есімі – Анжелика Гайтан екен. Ол – 46 жаста. Өзі Богота маңында тұрыпты. Ағайын-туыстарының айтуынша, олар оның жоғалтып алғанына екі жыл болыпты. Алайда Анжелика ағайын-туғанымен қарым-қатынасты үзіп, озбыр күйеуінен қашып кеткен екен. 20 жыл бойы күйеуінен таяқ жеп шаршап, одан құтылғысы келіпті. 2018 жылдың қыркүйегінде бет сүйектерінің сынуымен ауруханаға түскеннен кейін ол үйіне оралмауға бел буған. Сөйтіп, әйел алты ай бойы қаңғып жүррген.
Артынан әйелдерге арналған орталықты паналаған. Бірақ ол жерден де күйеуі тауып алған соң, кетіп қалған. «Барар жері, басар тауы» қалмаған соң, өмірмен қоштасуға бекінген. Содан кейін Анжелика құтқару шеңберін киіп, жардан секіріп кеткен. Сол кезде есінен таңып қалыпты. Осылайша, ол мұхитқа түскен.
Жергілікті БАҚ-қа колумбиялық әйелдің туыстары Анжеликаның бұрын психикалық ауытқуы барын айтып, оның үреймен өмір сүргенін жіткізді.