«Хассақтың» әні – түрік сериалында
«Хассақтың» әні – түрік сериалында
274
оқылды
Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық кон­серваториясының Халық му­зыкасы факультетінің деканы, «Хас­сақ» ансамблінің жетекшісі Ержан Жаманкеевтің айтуынша, Түркияда топтың тыңдарманы көп екен. Ондағы музыканттар мен кинорежиссерлердің тани бастауына түрік тыңдармандары әсер етіпті. Киноларға музыка жазатын Кердар есімді музыкантпен бірігіп, «Хас­сақ» тобы селжұқтар туралы та­рихи сериалға арнап бір музыка жаз­ған. Одан бөлек, түрік режиссері екі альбомдағы тоғыз шығарманы алу­ды өтінген. «Біз авторлық рұқсатты бер­дік. «Uyanys: buyuk selcuklu» («Ояну: ұлы селжұқтар») сериалы 4 жыл­дық жоба екен. Алдағы уақытта біз өзіміздің үшінші альбомымызды шы­ғарамыз. Енді олар сол альбомдағы туын­дыларды сұрап отыр. Үшінші аль­бомымыздың алғашқы шығармасын жіберіп қойдық. Енді екеуін жол­даймыз», – дейді топ жетекшісі «Қаз­Ақпаратқа» берген сұхбатында. Айта кетсек, Uyanys: buyuk selcuklu се­риалы селжұқтардың (түркі-оғыз әс­керінің сол қанатын құраған қынық тайпасынан шыққан әулет) тарихынан сыр шертеді. Туындыда селжұқтардың соғысу тактикасы, түрік халқына әкел­ген жеңістері баяндалады. Жал­пы, «Хассақ» тобы 2013 жылдың 1 ақпанында құрылған. Үш бейнебаян, 12-ге тар­та шығармадан тұратын екі таспа­сы бар. Топ құрамындағы өнер­паз­дар – бесаспап, яғни муль­ти­инструмен­талис­тер. Бір шығарма ішінде топ мүшелері бірнеше аспапты ойнайды. Арасында қазақтың ұлт­тық 30 аспабына дейін ойнайтын му­зыканттар бар екен.  

Айша ЕРСҰЛТАН