Алматыда «ақылды» госпиталь бар
Алматыда «ақылды» госпиталь бар
134
оқылды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бас-аяғы екі айда салынған екінші модульді инфекциялық госпитальде болды. Жаңа клиниканы аралап шыққан қала әкімі медмекеменің техникалық жарақтануы мен жаңа цифрлық шешімдерін бағалады. госпиталь
Госпитальдің 30 жансақтау палатасында 300 төсек-орын бар. Барлық төсек медициналық газбен жабдықталған. Мұндағы науқастардың жағдайы «ақылды» госпитальдың автоматтандырылған жүйесі арқылы нақтылы уақыт режимінде тәулік бойына қадағаланады. Бағдарлама қаланың медициналық ақпараттық жүйесімен және PACS-дағы барлық рентгендік, КТ және МРТ суреттеріндегі мәліметтердің цифрлық базасымен жалғасқан.
госпиталь Клиника заманауи КТ, рентген, УЗИ аппараттарымен жабдықталған және жеке қуатты зертхана да бар. Мұнда сараптаманың барлық түрлері, оның ішінде КВИ-дің ПТР диагностикасы да жасалады.
Госпиталь қауіпсіздігінің жоғары экологиялық сыныбы ауаны тазарту жүйесін, оның ішінде жауын суын да залалсыздандыруды, медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуды да қамтамасыз етеді. Айта кетерлігі, абаттандыру кезінде 2 га аумақ көгалдандырылды – газон  жасалып, қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды. Б.Сағынтаев Jasyl Almaty бағдарламасы аясында қосымша ағаш көшеттерін отырғызуды тапсырды.
Госпиталь 12 блоктан, оның ішінде 8 палаталы бөлімдерден тұрады, оның  2 блогы боксты палаталар және 6 жартылай боксты блоктар. Сонымен қатар, тамақблогы мен кір жуатын орын да бар. Шаһар басшысы қала тұрғындарының денсаулығын сақтаумен айналысатын дәрігерлердің ойдағыдай жұмыс жасаулары үшін қаланың барлық жағдайларды жасайтынын атап өтті. «Төрт ай ішінде біз ең заманауи құрылғылармен жабдықталған үш толыққанды аурухана салдық. Бұлардың барлығы қала тұрғындары дендерінің сау болуы үшін жасалуда», – деп атап өтті Б.Сағынтаев.
Бұрын Алматының Түрксіб ауданында 500 орынды инфекциялық клиниканың ашылғандығы туралы хабарланған еді. Сонымен қатар, таяу уақытта 200 орынды жеке ковидті госпитальдер ашылады. Осылайша жаңа модульді госпитальді ескере отырып, мегаполисте КВИ науқастарын емдеуге арналған 1 мың жаңа төсек-орын пайда болады. 32 стационардың жалпы қуаттылығы 7226 орынды құрайды.