Бір реттік пластик заттарды тұтынуға тыйым салынды
Бір реттік пластик заттарды тұтынуға тыйым салынды
Осылайша, ел билігі табиғатқа лақтырылатын пластик қалдықтардың санын азайтпақ екен. Оның ішінде бір реттік пластик ыдыстар, сұйықтық ішуге арналған түтікшелер мен мақталы таяқшалар бар.
Өйткені қоршаған ортаны қорғау департаментінің дерегінше, Англия тұрғындары жыл сайын 5 миллиардқа жуық түтікше мен 80 миллиард мақталы таяқшаны қоқысқа лақтырады екен.
Айта кетейік, аталған заң сәуір айында күшіне енуі керек еді. Алайда індет кесірінен кейінге қалдырылды.