Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризде онлайн дауыс берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризде онлайн дауыс берді
159
оқылды

Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризде онлайн дауыс берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өінің твиттердегі аккаунтында жазды.

«Елбасы ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылағанын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті үгіт-насихат пен пікірталастар кезінде партия назарға алуға тиіс бірқатар конструктивті ұсыныстар айтылғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды» – деп жазды Айдос Үкібай. Елбасы Естеріңізге сала кетейік, қазанның 1-3 аралығында праймеризге қатысушыларға дауыс беру басталды.