Ақ үй Трамптың импичментіне қатыспайды
Ақ үй Трамптың импичментіне қатыспайды
109
оқылды

Ақ үй президент Дональд Трамптың импичментіне қатыспайды. Бұл туралы АҚШ Конгресі Палатасы өкілдеріне жолдаған Америка басшысының кеңесшісі Пэт Чиполлоненің хатында жазылған.

Хатта импичментті бастауға түрткі болған тергеудің еш негізі жоқ екенін айтылады. Чиполлоне тергеуді әділетсіз және негізсіз деп атап, атқарушы билік институтына және билікті бөлу принципіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін алға тартады.

Хатқа пікір білдірген Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм импичментті АҚШ Конституциясын белден басқан «партизандық әрекет» деп атады.

«Президент еш жамандық жасаған жоқ, демократтар да мұны біледі», дейді Гришэм. Оның сөзінше осы арқылы демократтар 2020 жылы өтетін президент сайлауына ықпал еткілері келеді.

АҚШ Конгресі Палата өкілдері президент Дональд Трамптың импичментін 25 қыркүйекте бастады. Оған себеп Украина президенті Владимир Зеленский мен Трамптың телефон арқылы сөйлескендегі әңгімесі: Демократиялық партия мүшелері АҚШ басшысы Джон Байденнің ұлына қатысты тергеу істерін қайта ынталандыру үшін Зеленскийге қысым көрсеткенін дәлелдегілері келеді. Байденді 2020 жылы өтетін АҚШ-тағы президент сайлауында Трамптың ең әлеуетті қарсыласы деп санайды.