Адамды қартаюдан сақтайтын 4 ереже
Адамды қартаюдан сақтайтын 4 ереже
ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК денсаулықты сақтап, бойдағы жастығымызды сақтау үшін не істеу керектігі туралы кеңестерімен бөлісті. Денені шынықтырып, белсенді болу. Таза ауада жиі серуендеп, дене шынықтырумен айналысса, ол адам ағзасына жақсы әсер етеді. Біріншіден, қартаюды баяулатып, күйзелісті жеңуге көмектеседі. Ақырын болса да жүрудің өзі зат алмасуды, қан айналымды, тыныс алуды жақсартып, бұлшық еттерді жаттықтырады. Ондайда жүйке жүйесі демалып, адам сергіп қалады. Дұрыс тамақтану керек. 50-60 жастан кейін ағзада физиологиялық өзгерістер болады – зат алмасу баяулап, ішектің жиырылуы әлсіреп,  ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ең бастысы, аз әрі құнарлы өнімдермен тамақтану. Әсіресе, балық, сүт, әсіресе қышқыл сүт өнімдерін (айран, йогурт) көбірек тұтыну керек. Күніне 300-400 мл сүт және түнгі уақытта 200 мл айран ішкен дұрыс. Ұйқы, әсіресе, дұрыс ұйқы адамға ең қажет нәрсе. Күнде белгілі бір уақытта ұйықтау, кешкі асты ұйқыға дейін 2-3 сағаттан кешіктірмеу. Сондай-ақ ұйықтар алдында таза ауада серуендеп, көңіл-күйді көтеріп, ағзаны сергітетін сусындарды – қою шай, кофе ішуге болмайды. Жақсы көңіл-күймен жүрген абзал. Адам бойындағы реніш, үрей, сары уайымға салыну, ашу-ыза, қайғыру, қызғаныш, жек көру қауіп-қатер факторлары болып саналады. Олар адамды тезірек қартайтып, өмірді қысқартады. Сондықтан әрқашан күліп-ойнап, сергек көңіл күймен жүрсеңіз, ол рухани денсаулықтың белгісі. Осының өзі өкпенің қалыпты жұмыс істеуіне жақсы ықпал етеді, зат алмасуды реттейді.